Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
29.05.2020

Қызметтер

29.07.2014 Батыр қыз

Арайлым Асқарова Кореяның Муджу қаласында «Экспо» халықаралық таэквандо фестивалі өтті. Додалы жарыста Қазақстан намысын Атырау облысының құрамасы қорғады.

8-11 жас аралығындағы балалар арасында атыраулықтар екі медаль иеленді: 20 келіге дейін салмақта Эльдар Жолдасбаев– «алтын», 26 келіге дейін Арайлым Асқарова – «күміс» алды. Қоржынымызда 14-17 жас аралығындағы жасөспірімдер арасында тағы екі «алтын» бар: Айтуар Шакенов пен Ұлжан Маханова топ жарды.
Эльдар Жолдасбаев. Сонымен қатар, атыраулық спортшылар сол күндері Кёнджу қаласында өткен Корея Республикасының ашық чемпионатына да қатысып үлгерді. Ересектер арасында Айгүл Елубай алдын ала айналымнан өте алмады. Балалар арасында Арайлым Асқарова айқасқа түскен жалғыз қыз болды (Корея чемпионаттарында бұл салмақ дәрежесінде гендерлік жеңілдік болмайды). Алғашқы екі айқасында ол Өзбекстан мен Ресей өкілдерін сенімді түрде жеңіп, үшінші кездесуде корейлік балаға есе жіберіп қойды.
Барлық аталған спортшыларды 1-БЖСМ-да Сәуле Сардарова мен Айсұлу Халамқалиева жаттықтырады.


Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ
Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ
Источник: azh.kz


Парақтағы соңғы өзгерістер: 29.07.2014 11:03

Мақаланың шыққан күні: 29.07.2014