Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
02.06.2020

Қызметтер

Президенттік жастар кадр резерві

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев дарынды жастар үшін ашық және тиімді әлеуметтік саты құру туралы идеяны алға тартты.

Осы жоба барынша даярланған және тәжірибелі жастар үшін мемлекеттік басқару және квазимемлекеттік сектор жүйесінде басшылық қызметке тұруға бірегей мүмкіндік ашады деп көзделіп отыр. Жоғары әкімшілік және саяси лауазымдарға бос орындар пайда болған жағдайда Президенттік жастар кадр резервінде тұрған тұлғалардың кандидатуралары қаралатын болады.

Бұл ретте Президенттік жастар кадр резервіне қабылданған тұлғалар резервте тұрған кезеңде лауазымға міндетті түрде тағайындалуы шарт болып табылмайды. Резервте тұрған тұлғалар ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында және оның филиалдарында одан әрі кәсіби және тұлғалық даму үшін оқыту курстары мен тренингтерден өту мүмкіндігіне ие болады.

Мақсаты

Жастар үшін ашық әрі тиімді саты құру

Президенттік жастар кадр резерві мынадай бағыттар бойынша құрылады

Басқарушылық лауазымдардың тобы

Орталық атқарушы органдардың жауапты хатшылары;

Орталық және жергілікті мемлекеттік органдар аппараттарының басшылары;

Қызметтің бағыттары

басқарушылық бағыт.

Салалық лауазымдардың тобы

Министрлер, олардың орынбасарлары;

Облыстық маңызы бар қалалар;

Орталық атқарушы органдар комитеттерінің төрағалары;

Квазимемлекеттік сектор компаниялары басқармаларының төрағалары және мүшелері;

Қызметтің бағыттары

экономикалық және қаржылық саясат;

әлеуметтік саясат;

инфрақұрылымды және қызмет көрсету салаларын, өнеркәсіпті, ауыл шаруашылығын және қоршаған ортаны дамыту;

сыртқы және ішкі саясат;

құқықтық саясат.

Өңірлік лауазымдардың тобы

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әкімдері;

Республикалық маңызы бар қалалардың, облыстар аудандарының және қалалардағы аудандардың әкімдері;

Қызметтің бағыттары

өңірлік басқару.

Кімдер қатыса алады?

Жасы 35-тен аспаған Қазақстан Республикасының азаматтары

Жоғары білімі бар

5 жылдан кем емес еңбек өтілі бар

1-ден 3-ке дейін ұсыным хаты бар

Ұсыным хат келесі тұлғалардың бірінен ұсынылуы тиіс:

Президенттік жастар кадр резервіне кандидат жұмыс істейтін және/немесе жұмыс істеген ұйымның басшысынан;

ұлттық компания, ұлттық холдинг, ұлттық даму институты басқармасының төрағасынан немесе оның орынбасарынан;

мемлекеттік саяси қызметшіден;

орталық атқарушы органның жауапты хатшысынан, орталық немесе жергілікті мемлекеттік орган аппаратының басшысынан;

ҚР Мәжілісінің, Парламент Сенатының депутатынан, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мәслихат хатшысынан.

Іріктеуге Президент тағайындаған саяси мемлекеттік қызметшілер қатыса алмайды

Қалай қатысуға болады?

01

2019 жылдың 1-30 қыркүйегі аралығында PKRezerv.kz сайтында тіркелу және құжаттарды тапсыру керек

02

Жеке кабинетте нысанды толтыру

03

Қажетті құжаттарды енгізу:

Жеке куәліктің көшірмесі

Жоғары білім туралы дипломдардың көшірмесі

Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі

Ұсыным хаттар

04

2019 жылдың 12 қазанынан бастап 25 желтоқсаны аралығында іріктеу кезеңдерінен өту

Кандидаттың құжаттарын қабылдау

Президенттік жастар кадр резервіне қатысуды тіркеу және құжаттарды қабылдау TALANTIZ автоматтандырылған онлайн платформасының көмегімен жүзеге асырылады. Тіркелу кезінде кандидат расталған дербес деректерін (ЖСН, АӘТ, туған күні, e-mail, телефон) енгізуі және жеке кабинетін (тұрғылықты жері, білімі, жұмыс өтілі, лауазымдар тобын және бағыттарды таңдау, сондай-ақ басқа да қосымша ақпаратты) толтыруы тиіс.

Тіркеуден өте отырып, кандидат өзіне конкурсқа қатысушыға қойылатын белгіленген талаптарды сақтау, ұсынылған мәліметтер мен құжаттардың дұрыстығын қамтамасыз ету бойынша міндеттемелерді қабылдайды. Барлық қажетті материалдар жүктелген болуы, тіркеу нысанын және жеке кабинетті кандидаттың өзі және белгіленген мерзімдерде толтыруы тиіс.

Кандидаттың өтінімі қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келген жағдайда, кандидат Президенттік жастар кадр резервіне іріктеу кезеңдеріне жіберілетін болады.

Президенттік жастар кадр резервіне іріктеудің кезеңдері

mark-in-circleонлайн

Қабілеттерді тестілеу - 2019 жылдың 12 қазаны

mark-in-circleонлайн

Тестілеуді верификациялау - 2019 жылдың 19 қазаны

mark-in-circleонлайн

Әлеуетті бағалау - 22 қазаннан бастап 3 қараша аралығында

personal-circleжеке

Сарапшылық комиссияның мүшелерімен сұхбаттасу 27 қарашадан бастап 13 желтоқсан аралығында

ҚР Президентінің жанындағы Жастар кадр резерві жөніндегі ұлттық комиссияның отырысы және кандидаттарды Президенттік жастар кадр резервіне қабылдау 25 желтоқсанға дейін

Қабілеттерді тестілеу

«Қабілеттерді тестілеу» кезеңі кандидаттардың талдамалық және сыни ойлау деңгейін анықтауға бағытталған. Тестілеуден өтудің алдында кандидат тестілеуді өткізу тәртібімен танысатын болады.

Тестілеу 1 күннің ішінде кандидат үшін ыңғайлы кез келген уақытта автоматтандырылған жүйеде өткізіледі.

Тестілеуден өту мүмкіндігі: 1 (бір) рет қана

Тестілеу уақыты: шамамен 1,5 сағат

Қажетті ресурстар: компьютер / ноутбук және интернет желісіне тұрақты қолжетімділік (жылдамдығы кемінде 5 мгб)

Сізден интернетке тұрақты қолжетімділіктің және тест тапсыру үшін қолайлы жағдайдың бар екендігіне алдын ала көз жеткізіп алуыңызды сұраймыз.

Ең жоғары нәтижелерді жинаған кандидаттар «Тестілеуді верификациялау» кезеңіне жіберіледі.


Парақтағы соңғы өзгерістер: 20.09.2019 16:41

Мақаланың шыққан күні: 20.09.2019