Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
07.06.2020

Қызметтер

Атыраулықтар паралимпиада ойындарында алтыншы орынға ие болды

Сборная Атырауской области заняла шестое место на Паралимпийсках играх Казахстана12-17 қыркүйек күндері Ақтөбе қаласында Тірек-қимыл аппараты зақымданған және көру қабілеті төмен спортшылар арасында ҚР V Паралимпиада ойындары өтті.

Еліміздің 17 өңірі өзара мықтыны анықтаған төртжылдықтың бәсекесінде Атырау облысы құрамасы 22 алтын, 12 күміс және 12 қола медальмен алтыншы орынға ие болды. Cпорттың жеті түрі бойынша өткен додада 53 жерлесіміз бақ сынады.

Отырып ойнау волейболы командасы 13 құрама арасынан үздік шықты. Парадзюдошыларымыз да еліміз бойынша мықты екендерін дәлелдеп, 3 алтын, 1 күміс және 4 қола медальмен бірінші орын алды. Үстел үсті теннисі командасы 6 алтын және 1 күміс медальмен көш бастады.

Бірінші күні дзюдошылар күш сынасты. Атырау облысы құрамасының барлық 7 мүшесі де жүлде әкелді. Әнуар Сариев, Дәулет Теміржан және Смағұл Ғалымжан өз салмақ дәрежелері бойынша чемпион атанды, Темірболат Ташкенов күміс алқа, Амандық Бақтығалиев, Абылай Әділбек және Ерлан Үмбетов қола алқаға ие болды.

Ал, атыраулық жеңіл атлетшілердің нәтижелері мынадай: Тыныш Жақыпова - 2 алтын және күміс алқа, Гүлбақыт Қайыржанова - 3 алтын, Есболат Балбаев - 2 күміс және қола, Нұрлыбек Исатаев - 2 күміс, Нұрхан Бергенбай - күміс, Нұргүл Мақсотова - күміс және 2 қола алқа. Нәжімиден Төлегенов, Нұрлыбек Қабдырахманов және Ерлан Есекеновтің еншісіне де қола алқа бұйырды.

Жеңіл атлетика, мылтық ату, жүзу секілді спорт түрлерінен де облыс спортшылары жақсы нәтижеге қол жеткізді.

Сборная Атырауской области заняла шестое место на Паралимпийсках играх Казахстана Сборная Атырауской области заняла шестое место на Паралимпийсках играх Казахстана Сборная Атырауской области заняла шестое место на Паралимпийсках играх Казахстана Сборная Атырауской области заняла шестое место на Паралимпийсках играх Казахстана Сборная Атырауской области заняла шестое место на Паралимпийсках играх Казахстана Сборная Атырауской области заняла шестое место на Паралимпийсках играх Казахстана Сборная Атырауской области заняла шестое место на Паралимпийсках играх Казахстана

Парақтағы соңғы өзгерістер: 19.09.2019 10:30

Мақаланың шыққан күні: 19.09.2019