Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
07.06.2020

Қызметтер

«Көлікте жеті адам болдық, алтауы қаза болды, ішінде анам бар»

«Көлікте жеті адам болдық, алтауы қаза болды, ішінде анам бар»12 Қыркүйекте Ақтөбе қаласында Қазақстанның V Жазғы Паралимпиадасы басталады. 4 жылда бір рет өтетін осы үлкен турнирде Атырау құрамасы сапында үстел теннисінен 19 жастағы Ерлан ҚАЗИЕВ өнер көрсетпек. Жастайынан арбаға танылса да, халықаралық және республикалық додаларда топ жарып үлгерген жас жерлесімізбен «АЖ» тілшісі әңгімелесті.

- 2015 жылы Құлсары трассасында үлкен жол апаты болды. Анам екеуміз нағашыларымызға бара жатқанбыз. Көлік ішіндежеті адам болдық. Алтауы қаза болды, ішінде анам да бар. Мен аман қалдым. Дереу ауруғанаға жеткізіліп, жұлыныма ота жасалды. Содан бері арбасыз қозғала алмаймын,- деп өмірін күрт өзгерткен бақытсыз жағдайдан бастады әңгімесін Ерлан.

- Өкінішті, болашақта жүріп кетуге үміт бар ма?

- Дәрігерлер жүріп кетесің немесе жүре алмай қаласың дегендей әңгіме айтпады, тек бәрі өзіме байланысты екендігін айтты. Өйткені зақымдалған жұлынды емдеу мүмкін емес екенін білемін, бірақ үмітімді үзбеймін. Аяғыма массаж алып, жаттығулар жасап тұрамын. Көп қозғалуға тырысамын. Жақсылықтың боларына сенемін. Тек еңбек етуден жалықпау қажет.

- Ал, спортқа қалай келдіңіз?

- Жол апатынан бұрын күреспен шұғылданғанмын. Облыс бойынша жеңімпаз атанып жүрдім. Осы бақытсыз жағдайдан кейін күреспен шұғылдану мүмкін болмады. Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған спрот клубына баруға ағам ұсыныс білдірген. Содан осы жердегі бапкерлермен ақылдасып, үстел теннисіне баруды ұйғардым.

- Осы спорт түрінің ерекшелігі қандай?

Теннис ойыны жылдамдықты талап ететін қатал ойын. Қарсыласыңның қолын бағып отыруың қажет. Ойынның басты ерекшелігі адамның бойына жылдамдық, ептілік, зейінділігін арттыру, әрекет жасау сияқты қабілеттіліктерін дамытады. Сондай-ақ аса бір материалдық қаржыландыруды талап етпейтін ойын.

- Осы уақытта қандай жетістіктерге жеттіңіз?

- Мақтанғаным емес, Қазақстанда өз санатымда үстел теннисінен бірде бір рет жеңіліп көрген емеспін. Әр сайыста жүлделі ораламын. 2017 жылы Қазақстан Республикасының жастар арасынан 2 дүркін чемпионы, Қазақстан спартакиадасының, Қазақстан кубогінің жеңімпазы, сондай-ақ Дубай қаласында өткен жастар арасында IWAS ойындарының күміс жүлдегері атандым. Бұл мен үшін, отбасым (әжесі, әкесі, ағасы, әпкесі бар – А.Ж.) үшін үлкен жетістік деп білемін. Мұнымен тоқтап қалуға болмайды. Әрі қарайда талай сайыстардың жеңімпазы боламын деген сенімім бар.

Мен Венгрия және Дубай қаласында болдым. Бұл елдерде мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған арнайы орталықтар көп. Ішіндегі техника жабдықтары заманға сай, ойын үйрету әдісі мүлде басқа. Жаттықтырушылары жеткілікті. Ойыншыларды тасу, тамақтандыру сияқты бар жағдай жасалған. Ал, бізде мұндай жағдай, өкінішке орай, жоқ.

- Әлемдік теннисшілерден үлгі тұтатын тұлғаңыз бар ма?

- Германия туы астында өнер көрсететін украиндық Дмитрий Овчаровтың техникасы қатты ұнайды. Оның ойнау әдістерін өз ойындарымда жиі қолданамын.

- Бір күндік күн тәртібіңіз қандай?

- Аптасына 3-4 рет спорт залда жаттығамын. Түрлі жаттығулар жасаймын. Бос уақытымда кітап оқығанды ұнатамын. Сол секілді футбол ойынының жанкүйерімін. Облысымызда футбол ойындары болғанда міндетті түрде барамын. Сондай-ақ марафондарға жиі қатысамын.

- Жеңілістерді қалай қабылдайсыз?

Мен өзімді жеңілістерге төзе алатын жандардың қатарына жатқызамын. Өмірде де, спортта да. Ал спортқа келгенде өзіме қаталмын. Бүгін жеңіліп қалсам, ертең бұдан да мықты ойнауға тырысып, түптің түбінде жеңіске жетемін. Спорт мінезді шыңдайды. Ешқашан жеңілістен қорықпаңыз, керісінше бойыңызда күш-қуат бар кезде еңбек етіп, әр жеңілісіңізден сабақ алуға тырысыңыз.

- Арман-мақсатыңыз қандай?

- Арман көп. Болашақта отбасын құрып, аяғымнан тұрғым келеді. Содан соң, әрине, әлемдік спорт биіктерін бағындырсам деймін.

«В машине нас было семь человек – шесть погибли, и мама тоже» «В машине нас было семь человек – шесть погибли, и мама тоже» «В машине нас было семь человек – шесть погибли, и мама тоже»

Парақтағы соңғы өзгерістер: 18.09.2019 11:26

Мақаланың шыққан күні: 18.09.2019