Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
31.05.2020

Қызметтер

«Мұнай батырдың» соңғы айқасы

«Мұнай батырдың» соңғы айқасыДжиу-джитсудан және грепплинг күресінен әлем және Азия чемпионы, «Мұнай батыр» лақап атымен танылған 41 жастағы атыраулық спортшы Тыныс БИСАЛИЕВ жерлестерінің алдында соңғы жекпе-жегін өткізіп, спорттағы мансабын аяқтады.

 Қоштасу кеші «Атырау» спорт кешенінде өтті. Комбат джиу джитсудан халықаралық турнирге Ресей, Әзірбайжан, Өзбекстан және Қырғызстан елінің спортшылары қатысты. Ал сайыстың басты оқиғасы - Тыныс Бисалиев пен Өзбекстан чемпионы Қуаныш ДАУЛЕТБАЕВТЫҢ арасындағы айқас 3 раундқа созылып, жерлесіміз жеңіске жетті. Жалпы есепте Атырау құрамасы Еуразия құрамасынан 5:3 есебімен басым түсті. Өз кездесулерінде Еламан ТӨРЕХАНОВ, Рүстем ТҰРМАНОВ, Сәттіби БАЛТАБАЕВ және Нұрбай ИСАБАЙ жеңіске жетті.

- 24 жыл өмірімді спортқа арнап, Атырау намысын қорғадым. Бүгіннен бастап спорттағы кәсіби мансабымды аяқтап, жаттықтырушы ретінде қызмет ететін боламын, - дейді ардагер спортшы.

Кеш соңында Атырау облысы жауынгерлік өнер ассоциоациясының директоры Ерлан ТАБЫЛДИЕВ 24 жыл Атырау спортына қосқан үлесі үшін Тыныс Бисалиевке қазақы дәстүрмен ат мінгізді.

«Мұнай батырдың» соңғы айқасы «Мұнай батырдың» соңғы айқасы

Парақтағы соңғы өзгерістер: 11.09.2019 16:14

Мақаланың шыққан күні: 11.09.2019