Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
29.05.2020

Қызметтер

Атыраулық бокс ардагері «Ринг патшасы» титулына ие болды

Ветеран бокса из Атырау удостоился титула «Король ринга»Петропавлда спорт ардагерлері арасында «Король ринга 2019» турнирі өтті. Бұл Солтүстік Қазақстанда үшінші мәрте өткізіліп отырған турнир. Ерекшелігі оған егде жастағы споршылар қатысады. Биыл Атырау облысынан алғаш рет сайысқа Адик Әкімжанұлы Бермешев қатысты. Ол 31 тамыз күні 63 жасқа толған болатын!

Адик Бермешевтың айтуы бойынша спортшылар Петропавлға Қазақстанның барлық өңірлерінен келген. Одан бөлек алғаш рет чемпиондық белдікті сарапқа салу үшін көрші Ресейден: Омск пен Кемерово қалаларынан боксшылар да қатысқан. Оның 32-сі еліміздің және Халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Жалпы «Король ринга» турнирі жылма-жыл даму үстінде. 2017 жылы оған 16 боксшы қатысса, 2018 жылы 25 болды.

Адик Бермешев алғашқы кездесуінде Павлодарлық 38 жасар спорт шеберімен кездесіп, оны екінші раундта нокдаунға жіберді. Қарсыласы жекпе-жекті жалғастырудан бас тартты. Ал ақтық сындағы қарсыласы 2004 жылғы Афина Олимпиада ойындарының қатысушысы Миржан Рахимжанов (1983 ж.т.) болды. Бірінші раундтан кейін жерлесіміздің қарсыласы жеңісті беретінін мәлімдеді.

Адик Бермешевтың айтуы бойынша ол үнемі салауатты өмір салтын ұстанады – жүгіру, жүзу, түрлі ойын түрлері және көпсайысқа қатысқанды әдетке айналдырған. Ал «Король ринга» турнирінің өтетінін естіген бойда екі ай бұрын дайындықты бастаған.

Петропавлда Адик Бермешовты алдымен төреші шығар деп ойлаған. Себебі ол АИБА Халықаралық дәрежедегі төрешісі және «ҚР құрметті спорт қызметкері» болып табылады. Бірақ ешкім ардагерді жұдырықтасу үшін келді деп санамаған. Ал салмақ өлшеуге келгенде төрешілер алқасын елең еткізіпті. Бұндай тәжірбиеде әлі болмаған. 63 жасар ардагер өзінен 25-30 жасқа кіші жастармен шаршы алаңға шықты!

Бір сөзбен Адик Бермешов өзінің шаршы алаңға көтерілуі арқылы төрешілер мен қатысушыларды және барлық жанкүйерлерді таң қалдырды. Ал спорт ақсақалдың айтуы бойынша бойында қорқыныш болмаған, бірақ жас кезіндегі қобалжуды сезініпті.

 Еламан Жусанов. ATPress.kz.

Ветеран бокса из Атырау удостоился титула «Король ринга» Ветеран бокса из Атырау удостоился титула «Король ринга» Ветеран бокса из Атырау удостоился титула «Король ринга» Ветеран бокса из Атырау удостоился титула «Король ринга» Ветеран бокса из Атырау удостоился титула «Король ринга» Ветеран бокса из Атырау удостоился титула «Король ринга»

Парақтағы соңғы өзгерістер: 09.09.2019 11:51

Мақаланың шыққан күні: 09.09.2019