Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
31.05.2020

Қызметтер

21.07.2014 Ашық облыстық турнир

№1 Балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде бүкіл әлем бойынша 20 шілдеде тойланатын Бүкіләлемдік шахмат күніне арналған турнир өтті. Облыс пен қаланың спорттық комитеттері қатысушыларға мақтау қағаздары мен естелік сыйлықтар дайындады.


Жарыстың екі күнінің қорытындылары бойынша жеңімпаздар анықталды. Ардагерлер арасында Айтқали Ізбасаров (Орал) бірінші орынға ие болса, Амангельді Сақтағанов (Қызылқоға ауданы) және Аман Құмаров (Дамбы ауылдық округы) жүлдегер атанды.
Ересектер арасында Айбек Мақсот (Атырау мұнай және газ институты) жеңімпаз атанды, Атырау қаласының өкілдері Құрманбай Ашетов және Аманжол Шәріпов одан жарты ұпайға ғана артта қалды.
№24 ОМ оқушысы Нұррбек Хайрошев жасөспірімдер арасындағы турнир жеңімпазы атанды. Күміс алқаға Батырхан Абдрахманов (Құрманғазы ауданы) қол жеткізсе, қола жүлдені Тұрар Шаймардан (№27 ОМ) өз қанжығасына байлады.


Пресс-служба


Парақтағы соңғы өзгерістер: 21.07.2014 15:40

Мақаланың шыққан күні: 21.07.2014