Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
31.05.2020

Қызметтер

Атыраулық спортшылар ҚР Паралимпиадалық ойындарынан 7 алтын медальға қол жеткізді

Атыраулық спортшылар ҚР Паралимпиадалық ойындарынан 7 алтын медальға қол жеткіздіҚазақстан Республикасының жүзу бойынша Паралимпиадалық ойындары 17-19 тамыз аралығында Ақтөбе қаласында өткен болатын. Жаттықтырушы Нұрлан Жұмағазиев бастаған Атырау командасы 7 алтын және 1 күміс медаль жеңіп алды.

Ел біріншілігінде Параазиялық ойындардың жеңімпазы Ержан Сәлімгереевке тең келер ешкім болмай, спортшы үш алтын медальді қатар еншіледі. Ол баттерфляй стилінде жүзуден 50 метр қашықтықта үздік атанды. Сонымен қатар, қарсыластарға 50 метр қашықтықта еркін стильде жүзуде жеңіске жетуге мүмкіндік қалдырмады.

Параазиялық ойындарының тағы бір жүлдегері Дмитрий Ли 100-ден 400 метрге дейін еркін стильде жүзуден жеңіске жетіп, 100 метр қашықтықта шалқамен жүзуде үздік атанды.

Әділет Құрманғалиев болса 50 метрге баттерфляй стилімен жүзуде алтын және 100 метр қашықтықта шалқамен жүзуден күміс медальге ие болды.


Парақтағы соңғы өзгерістер: 27.08.2019 14:10

Мақаланың шыққан күні: 27.08.2019