Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
30.05.2020

Қызметтер

25.07.2014 Рөлді Андреевичке сеніп тапсырды…

Атырау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы хабарлағандай, «Атырау» футбол клубын Владимир Никитенко басқаратын болды.

Жаттықтырушы ретінде Никитенко КСРО чемпионатының жетінші зонасының екінші лигасына қатысқан облыстың «Прикаспиец» тобының құрылуының бастауында тұрған болатын. «Атырау» футбол тобының жаттықтырушысы болған, аты аңызға айналған Воит Талгаевпен бірге ұлттық біріншілікте топтың екі рет күміс алқа алуына себепкер де болды.
Жаңа жаттықтырушыдан футбол жанкүйерлері жергілікті жасөспірімдердің негізгі құрамға қосылуын және жақсы ойындар күтеді.
Сізге сәттілік тілейміз, Владимир Андреевич!


Пресс-служба


Парақтағы соңғы өзгерістер: 25.07.2014 12:29

Мақаланың шыққан күні: 25.07.2014