Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
07.06.2020

Қызметтер

28.07.2014 Болашақ чемпионға ғана есе жіберді

  Венгрияның Печ қаласында студенттер арасында грек-рим күресінен әлем чемпионаты өтті.
Қазақстан құрамасының сапында халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 2010 жылғы Азия чемпионы, 4-БЖСМ-нің 24 жастағы шәкірті Илья Настойченко (суретте) өнер көрсетті.

 98 келіге дейін салмақтағы Илья алғашқы белдесуінде молдаван Марин Казачейді ұтып, жартылай финалда болашақ чемпион, венгр Иван Неметке ұпай айырмасымен есе жіберді. Ал ынталандыру раундында ресейлік Александр Конновтан басым түсті. Нәтижесінде – «қолаға» ие болды.
- Бұл жетістікке жетуге 4-БЖСМ директоры, 2013 жылғы шеберлер арасында самбодан әлем чемпионы Аманбай Қыздарбаевтың қосқан үлесін атап өткеніміз жөн, -дейдігрек-рим күресінен облыстың аға жаттықтырушысы Рашид МУСИН. - Өткен жылы біз 1-ОРМБЖСМ-нан 4-БЖСМ-ге болашағынан зор үміт күттіретін екі палуан – И. Настойченко мен Азамат Өміржановты бапкерлері Батырбек Баймұратов және Амантай Нұрқаділовпен бірге берген едік. Азамат биыл Қазақстан чемпионы атанып, Азия Ойындарына жолдама алды. Илья да сыннан сүрінбей өтті. А. Қыздарбаев - спортты дамыту үшін үлкен еңбек сіңіріп жүрген азамат. Демеушілер тауып, 4-БЖСМ-ге олимпиадалық палуандар кілемін алды. Нәтижесін өздеріңіз көріп отырсыздар.


Суреттер «ЖС» мұрағатынан алынды
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ
Источник:http://azh.kz

 


Парақтағы соңғы өзгерістер: 28.07.2014 11:22

Мақаланың шыққан күні: 28.07.2014