Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
04.06.2020

Қызметтер

Сұрақ: Мен жеке қызмет көрсететін заңгер болып жұмыс істеймін. Өзін-өзі жұмыспен қамтушылар 2020 жылдан бастап қосымша 5 % БЖЗҚ-ға аударуы керек пе?

Жауап: Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зейнетақы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 02.08.15 жылғы № 342-V Заңында халықаралық озық тәжірибені ескере отырып, ҚР зейнетақы жүйесін жақсарту мақсатында 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары енгізіледі (ЖБМЗЖ).

«Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабының 10-1) тармақшасына сәйкес жеке тәжірибемен айналыстын тұлғалар қатарына жеке нотариус, жеке сот орындаушысы, заңгер және кәсіби медиатор жатады.

01.01.2020 ж. бастап қолданысқа енгізілген Заңның 25-1-бабында ЖБМЗЖ төлеу агенттің (жұмыс берушінің) есебінен жүзеге асырылады және қызметкердің айлық кірісінің 5 пайызы мөлшерінде белгіленеді.

Заңгерлер, жеке сот орындаушылары, жеке нотариустар, кәсіби медиаторлар, сондай-ақ жеке кәсіпкерлер үшін БЖЗҚ-ға төлеуге жататын жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарнасы алынатын табыстың 5 пайызы мөлшерінде, және салық кезеңінің әрбір айы үшін есептелетін, тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төменгі жалақының кемінде 5 пайызы мөлшерінде белгіленеді.


Парақтағы соңғы өзгерістер: 20.08.2019 14:48

Мақаланың шыққан күні: 20.08.2019