Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
31.05.2020

Қызметтер

«Атырау қаласында жабық жеңіл атлетикалық аренаның құрылысы және пайдалану» мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша екі кезеңдік рәсімді пайдалана отырып, жекеше әріптесін анықтауға арналған конкурсты қайта өткізу туралы хабарландыру

Извещение о проведении повторного двухэтапного конкурса по определению Частного партнера по проекту государственно-частного партнерства «Строительство и эксплуатация крытого легкоатлетического манежа в г. Атырау»Жобаның атауы: Атырауда қаласында жабық жеңіл атлетикалық аренаның құрылысы және пайдалану.

Аймақ: Атырау облысы, Атырау қаласы.

Филиал: Дене шынықтыру және спорт.

Жоспарланған жобаның құны: 8,583 млн теңге.

Конкурсты ұйымдастырушының атауы: «Атырау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ

Конкурсты ұйымдастырушының мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Атырау облысы, Атырау қаласы, Баймұханов көшесі, 16б үй.

Жобаның мақсаты: жаттығулар, ұлттық деңгейдегі жарыстар мен жеңіл атлетика бойынша чемпионаттар өткізу, сондай-ақ спорттық және бұқаралық іс-шаралар өткізу үшін 3000 орынға арналған жеңіл атлетикалық аренаны құру, республикалық және халықаралық жарыстарға қатысу үшін спорт резервін дайындау..

Жеке серіктесті анықтау тәсілі: Екі кезеңдік рәсімді пайдалана отырып, жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурс («МЖӘ туралы» ҚР Заңының 42-бабы).

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген әлеуетті жекеше әріптестер техникалық тапсырмаға сәйкес әзірленген және біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды 2018 жылдың 28 тамызда сағат 16: 30-да дейін тапсыру қажет (Атырау уақыты бойынша) , оның негізінде біліктілік іріктеу жүргізілетін болады.

Мемлекеттік өтейтін шығындар шаралары: инвестициялық шығындарды өтеу. Тараптардың келісімі бойынша басқа да шығындарды өтеу мүмкіндігі айқындалады.

Жобаның басталу күні: 2019-2020 жж.

Жобаның аяқталу мерзімі: әлеуетті жекеше әріптесті анықтаудың мерзімдері және ең үздік ұсыныстар бойынша анықталады.

МЖӘ жобасының негізгі параметрлері мен талаптары:

1) жобалау-сметалық құжаттамада көзделетін құрылыс-монтаж жұмыстарын (объектіні құру) жүргізу;

2) «МЖӘ туралы» ҚР Заңының 32-бабымен белгіленген біліктілік талаптарының сақталуы.

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 ақпандағы № 165 бұйрығымен бекітілген, Ғимараттар мен құрылыстарды техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі объектілерге жатқызудың жалпы тәртібін айқындау қағидаларының 9-тармағы 1) тармақшасына сәйкес бір мезгілде (сыйымдылығы) 500-ден астам адам бара алатын спорттық-ойын-сауық, жабық ғибадат ғимараттары немесе ашық құрылыстар - жауапкершілігі I (жоғары) деңгейдегі объектілер қатарына жатады.

Әлеуетті жекеше әріптестер Техникалық тапсырманың көшірмесін, біліктілік талаптарына сәйкестігін растау үшін ұсынатын құжаттар тізбесін осы хабарландыру жарияланған сәттен бастап жұмыс күндері сағат 9.00-ден сағат 13.00-ге дейін және 14-30-18 сағат 30 минутқа дейін (Атырау қ.) Қазақстан Республикасы, Атырау облысы, Атырау қаласы, Баймұханов көшесі, 16б үй мекенжайы бойынша конкурсты ұйымдастырушыдан алуға болады.

Байланысатын тұлға: «Атырау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ-нің қаржы-экономикалық бақылау бөлімінің бас маманы Бозаева Жансая 87789954467 atyrau_oblsport@mail.ru,

Атимова Ботагоз 87011003580


Парақтағы соңғы өзгерістер: 01.08.2019 15:30

Мақаланың шыққан күні: 01.08.2019