Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
29.05.2020

Қызметтер

Атырауда 1000-ға жуық адам түнгі марафонға қатысты

В Атырау около 1000 человек приняли участие в ночном марафонеОсымен екінші жыл қатарынан қала әкімдігінің ұйымдастыруымен өткен шараға 1000- ға жуық адам қатысты, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

- Түнгі марафонға қатысушылардың көбі жастар. Дегенмен егде жастағы қатысушылар да аз емес. Соның бірі 51 жастағы Ажар Алимақанова жүгіруді әдетке айналдырған, тұрақты қатысушы болып табылады. Осындай спорттық шаралар арқылы жастарды салауатты өмір салтын ұстануға шақыра аламыз. Өткізіліп жатырған марафон алдағы уақытта да жалғасын таба бермек, - дейді «Atyrau Marathone-2019» ұйымдастыру комитетінің вице-президенті Юрий Пономарев.

Түнгі марафон 4,5 км-ге қашықтықты қамтыды. Барлық қатысушыларға сәре алдында неон білезіктері, ал мәреге жеткен соң естелік медальдар мен сертификаттар берілді. Ерлер мен әйелдер арасында үздік келген 5 қатысушыға арнайы сыйлықтар табыс етілді.

Іс-шара соңында түнгі марафон ұйымдастырушылары ең креативті және «ең жарқыраған киімді» таңдады. Хоккейші, покемон және солдат кейпінде киініп келген тұрғындар үздік деп танылды.


Парақтағы соңғы өзгерістер: 02.07.2019 16:34

Мақаланың шыққан күні: 02.07.2019