Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
05.06.2020

Қызметтер

Түнгі марафон кезінде ерекше костюм киген қатысушыларға сыйлық беріледі

Түнгі марафон кезінде ерекше костюм киген қатысушыларға сыйлық беріледі30 маусым күні Атырауда «NIGHT RACE 2019» түнгі жаппай жүгіу шарасы өтеді.

Биылғы жүгіру тек бір ғана қашықтықта – 4,5 км-де өтеді. Марафоншылар мұз айдынынан бастап Лесной көшесіне дейін жүгіріп, кейін сол жолмен мұз айдынына келеді. Басталуы 21:30. Сайысқа 14 жастан асқан барлық ниет білдіруші қатыса алады.

 Естелік медаль алам деушілерге ақылы түрде тіркелу қарастырылған. Ақылы түрде қатысқандар төрт мың теңге төлеп, оған естелік медаль, бойтұмар және басқа байлайтын орамал алады. Қатысушылар atyraumarathon.kz сайты арқылы тіркеле алады. Ал марафонды ақысыз түрде жүгіретіндер үшін «қатысқаны үшін» диплом берілетін болады. Оған сайыс болатын жерде тіркеледі (30 маусым 20:00).

Айта кету керек, кейбір қашықтықты қысқартып, орта жолдан бұрылған қатысушылар болмауы үшін бұрылыста камера орнатылатын болады. Жеңімпаздар әділ түрде анықталады.

Одан бөлек алғаш келген бес ер мен бес әйел адам арнайы сыйлыққа ие болады. Мәреге жеткен соң қатысушыларға арнап концерттік бағдарлама ұйымдастырылмақ.

Түнгі марафон кезінде ерекше костюм киген қатысушыларға сыйлық беріледі

Парақтағы соңғы өзгерістер: 28.06.2019 17:02

Мақаланың шыққан күні: 28.06.2019