Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
06.06.2020

Қызметтер

Құрметті мемлекеттік қызметшілер! Сіздерді шын жүректен кәсіби мерекелеріңіз – Мемлекеттік қызметші күнімен құттықтаймын!

Мемлекеттік қызмет – халықтың сенімін ақтау, ұлтымыздың абыройын асырып, асқақтату. Әрбір өркениеттің өріне қадам бастаған мемлекеттің ең басты тірегі, оның идеясы мен саясатын алға апарушы мемлекеттік қызметкер екені белгілі. Сондықтан да ұлт мәртебесін көтеретін, ел абыройын асқақтататын мемлекеттік қызметкер болу – мәртебелі міндет. Мемлекеттік қызметкер – мемлекеттің айнасы.

Мемлекеттік қызмет қазіргі қоғамның өмір сүруі тәуелді, мемлекеттік басқару жүйесінің басты элементі болып табылады.

Азаматтарымыздың өмір сүру сапасы, Қазақстанның дамуы мен көркеюі және оның жаһандық әлемдегі орны Сіздердің тиімді және кәсіби жұмыстарыңызға байланысты. Сіздерге мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру, заңдық мүдделерді қорғау және қазақстандықтардың әл-ауқат деңгейін арттыру жауапкершілігі жүктелген.

Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен құттықтай отыра, ел игілігі жолындағы қызметтеріңізге табыс, отбасыларыңызға амандық, береке-бірлік, елімізге тыныштық тілеймін! Отанымыз – Қазақстан Республикасының өсіп-өркендеуі жолындағы қызметтеріңіз жемісті болсын!

Сіздерге зор денсаулық, бақыт, отбасыңызға береке-бірлік, халыққа арналған игілікті еңбегіңізге жетістік және кәсіби шеберлігіңіздің артуына шын жүректен тілектеспін!

 

 

Игі тілекпен,

Атырау облысы Мемлекеттік сатып алу

басқармасының басшысы

А.Т.Баймағамбетова


Парақтағы соңғы өзгерістер: 21.06.2019 09:19

Мақаланың шыққан күні: 21.06.2019