Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
30.05.2020

Қызметтер

Бес дүркін!

Пятикратный!Атырау спорт кешенінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жүлдесі үшін қазақ күресінен «Қазақстан барысы» республикалық турниріне Атырау облыстық іріктеу сайыстары өтті.

Балуандар нағыз батырларша қос киіз үйден иықтарына қасқыр терісін жамылып шықты. Облыстың 16 үздік балуаны олимпиадалық жүйе бойынша екі топқа бөлінді. Жеңілгендер жарыс жолынан шыға берді. Осылайшы үздік төрттік анықталды. Жартылай финалдан сүрінген қос балуан, Атырау қаласынан Қайрат Өтеген және «Қызылқоға барысы» атанған Руслан Ізғалиев үшінші орын үшін белдесті. Қызылқоғалық басым түсті.

Ақтық сында тек қана облыстық турнирдің бас жүлдесі емес, республикалық турнирге жолдама сарапқа салынды. Жылыойлық Бекболат Салықов облысымыздағы ең мықты қазақ күресінің балуаны Сұңғат Зараияевті ұта алмады.

Осылайша қызылқоғалық балуан Сұңғат Закарияев бесінші мәрте «Атырау барысы» атағына ие болды. Айта кету керек, ол 2013-2016 жылдары да үздік атанды

Пятикратный! Пятикратный! Пятикратный! Пятикратный! Пятикратный!

Парақтағы соңғы өзгерістер: 16.05.2019 09:42

Мақаланың шыққан күні: 16.05.2019