Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
07.06.2020

Қызметтер

Атырау облысы мәслихатының кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21қаңтардағы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ономастика мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңына және Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 43-1-бабына сәйкес V шақырылған облыстық мәслихат кезекті ХХІV сессиясында ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Атырау облысы мәслихатының кейбір шешімдеріне осы шешімнің  қосымшасына сәйкес өзгерістер енгізілсін.

         2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Атырау облыстық мәслихатының заңдылықты сақтау, депутаттық этика және құқық қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы Т.Б. Мұхатановқа жүктелсін.                                                          3.Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген  күнінен бастап күшіне енеді және олар алғашқы ресми  жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Сессия төрағасы                                                                            Ю.Кустадинчев                                                                                                                                                                             

Мәслихат хатшысы                                                                     С. Лұқпанов

 


 

Атырау   облыстық  мәслихат

сессиясының  2014  жылғы

«___»_________

                                                                                              №___ шешіміне  қосымша

 

Атырау  облыстық мәслихаттың  кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер

        

1.Атырау облыстық мәслихатының 2002 жылғы 29 маусымдағы             №221-ІІ «Жылыой ауданында Майкөмген селолық округін құру туралы» шешіміне  келесі өзгерістер енгізілсін:

1)  атауындағы  және 1-тармақтағы мемлекеттік тілдегі «селолық» деген сөздер  «ауылдық»  деген сөзбен ауыстырылсын;

         2.Атырау облыстық мәслихатының 2002 жылғы 19 сәуірдегі                             № 203-ІІ «Исатай ауданында Нарын, Жанбай селолық  округтерін құру және Исатай, Забурын, Ақыстау, Тұщықұдық селолық округтерінің әкімшілік-аумақтық шекараларын өзгерту туралы» шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

1) атауындағы  және 1, 2 - тармақтарындағы мемлекеттік тілдегі «селолық» деген сөздер  «ауылдық»  деген сөзбен ауыстырылсын;

3.Атырау облыстық мәслихатының 2001 жылғы 08 желтоқсандағы          №160-ІІ «Құрманғазы ауданының Көптоғай селолық округын құру туралы» шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

1) атауындағы  және 1 тармағындағы мемлекеттік тілдегі  «селолық» деген сөз «ауылдық»  деген сөзбен ауыстырылсын;

 

 

 

 

 


Парақтағы соңғы өзгерістер: 08.09.2014 07:56

Мақаланың шыққан күні: 08.09.2014