Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
07.06.2020

Қызметтер

Атырау облысы әкімі мен облыстық мәслихаттың кейбір біріккен шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27, 37-баптарына,Қазақстан Республикасының 1993 жылғы      8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы» Заңына сәйкес Атырау облысы әкімі және V шақырылған облыстық мәслихат кезекті XXIV сессиясында ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1.  Атырау облысы әкімінің 2004 жылғы 7 желтоқсандағы №74 және Атырау облыстық мәслихатының 2004 жылғы 8 желтоқсандағы №171-ІІІ «Атырау облысы Жылыой ауданының Қосшағыл елді мекенін село (ауыл) санатына жатқызу туралы» шешімдеріне келесі өзгеріс енгізілсін:

мемлекеттік тілдегі мәтінде шешімнің атауындағы және 1-тармақтағы «село», «ауыл» деген сөздер «ауыл» деген сөзбен ауыстырылсын.

2. Атырау облысы әкімі мен Атырау облыстық мәслихатының 2003 жылғы  6 маусымдағы №312-ІІ «Атырау облысы Құрманғазы ауданының Ақкөл поселкесін село санатына жатқызу туралы» шешімдеріне келесі өзгеріс енгізілсін:

мемлекеттік тілдегі мәтінде шешімнің атауындағы және 1-тармақтағы «село» деген сөз «ауыл» деген сөзбен ауыстырылсын.

3. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Ш.Ж.Мұқанға және Атырау облыстық мәслихатының заңдылықты сақтау, депутаттық этика және құқық қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы Т.Б. Мұхатановқа жүктелсін.

4.    Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа

енгізіледі.

 

 

Сессия төрағасы                                                                               Облыс әкімі

Ю.Кустадинчев                                                                                 Б. Ізмұхамбетов   

                                                                                                                                                                                                                                                   

Мәслихат хатшысы

С. Лұқпанов

 

 

 Қосымша


Парақтағы соңғы өзгерістер: 05.09.2014 10:14

Мақаланың шыққан күні: 05.09.2014