Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
07.06.2020

Қызметтер

Атырау облысы әкімі мен облыстық мәслихаттың кейбір біріккен шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27, 37-баптарына,Қазақстан Республикасының 1993 жылғы                            8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы» Заңына сәйкес Атырау облысы әкімі және V шақырылған облыстық мәслихат кезекті XXIV сессиясында ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1.   Атырау облысы әкімі мен облыстық мәслихаттың кейбір біріккен шешімдеріне осы шешімнің  қосымшасына сәйкес өзгерістер енгізілсін.
  2.   Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Ш.Ж.Мұқанға және Атырау облыстық мәслихатының заңдылықты сақтау, депутаттық этика және құқық қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы Т.Б. Мұхатановқа жүктелсін.
  3.   Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және олар алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Сессия төрағасы                                                                             Облыс әкімі

Ю.Кустадинчев                                                                               Б.Ізмұхамбетов      

                                                                                                                                                                                                                                                   

Мәслихат хатшысы

С. Лұқпанов

 

 

 

 

 Қосымша


Парақтағы соңғы өзгерістер: 05.09.2014 10:12

Мақаланың шыққан күні: 05.09.2014