Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
29.05.2020

Қызметтер

«ATYRAUMARATHON 2019»

«ATYRAUMARATHON 2019»14 сәуір күні Атырау қаласында үшінші «ATYRAUMARATHON» өтеді. Үшінші жыл қатарынан өткізілгелі отырған айтулы шара мыңдағантұрғындардың басын қосатын ең ауқымды бұқаралық шаралардың бірі болып табылады.

Былтыр, 2018 жылы Марафонға 3000-нан астам қала тұрғындары мен қонақтары қатысты. Ақтау, Павлодар, Астана, Орал қалаларынан бөлек алыс шет ел өкілдері қатысты.

2018 жылы Атырау облысы әкімдігінің қолдауымен марафон қайырымдылық мақсатында ұйымдастырылды. Одан түскен қаржы жетімдер үйінің тәрбиеленушілеріне жұмсалған болатын.

2019 жылы әуесқой споршыларды көбірек шақыру мақсатында ұйымдастырушылар жарыс қашықтықтары мен жас айырмашылықтары бойынша номинациялар санын көбейтті.

Айта кету керек, марафонның биылғы жалпы жүлде қоры 5.000.000 теңгені құрап отыр.

Марафонды жоғары, кәсіби деңгейде өткізу мақсатында Ресей мен Украинадан ең үздік деген мамандар шақыртылды.

Әдеттегідей 3 км қашықтық тегін түрде өткізіледі. Онымен қоса биыл алғаш рет балалар арасында жүгіру ұйымдастырылады. 10,21,43 км қашықтықтарда жарна алынып, түскен қаржы қайырымдылыққа жұмсалады.

Марафонға тіркелу 10 ақпанға дейін жалғасады. Ол үшін www.atyraumarathon.kz сайты арқылы немесе INFINITYFITNESS клубында тіркелуден өту қажет.

Салауатты өмір салтын насихаттау тек қана Мемлекеттің емес, оның әр тұрғынының басты міндеті болуы тиіс!

«ATYRAUMARATHON 2019» «ATYRAUMARATHON 2019» «ATYRAUMARATHON 2019» «ATYRAUMARATHON 2019» «ATYRAUMARATHON 2019» «ATYRAUMARATHON 2019» «ATYRAUMARATHON 2019» «ATYRAUMARATHON 2019» «ATYRAUMARATHON 2019» «ATYRAUMARATHON 2019» «ATYRAUMARATHON 2019» «ATYRAUMARATHON 2019» «ATYRAUMARATHON 2019» «ATYRAUMARATHON 2019» «ATYRAUMARATHON 2019» «ATYRAUMARATHON 2019» «ATYRAUMARATHON 2019» «ATYRAUMARATHON 2019» «ATYRAUMARATHON 2019» «ATYRAUMARATHON 2019» «ATYRAUMARATHON 2019» «ATYRAUMARATHON 2019» «ATYRAUMARATHON 2019» «ATYRAUMARATHON 2019» «ATYRAUMARATHON 2019» «ATYRAUMARATHON 2019»

Парақтағы соңғы өзгерістер: 15.04.2019 11:28

Мақаланың шыққан күні: 15.04.2019