Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
07.06.2020

Қызметтер

Әйгілі рекордшы Марат Жыланбаев «ATYRAU MARATHON» жарысына үшінші рет қатысады

Рекордсмен Марата Жыланбаев в третий раз примет участие в «Atyrau Marathon»Марафон қарсаңында қазақстандық рекордшы жарыстың қатысушыларымен жаттығу өткізеді, деп хабарлайды Атырау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Әлемдік рекордшы Марат Жыланбаев 14 сәуірде жыл сайынғы Atyrau Marathone-2019 қайырымдылық жарысына қатысады. Бұл туралы ұйымдастыру комитетінің вице-президенті Юрий Пономарев мәлімдеді.
- Марат Төлегенұлы бір күн бұрын Атырауға келіп, жаппай жарыстың қатысушыларымен жаттығу өткізеді. Өздеріңіз білетіндей, біздің қазақстандық чемпионымыз марафондар мен ультра-марфонға арналған жеке оқыту жүйесін әзірледі және осы жүйеге негізделген жаттығу өтетін болады, - деді Юрий Пономарев.

Естеріңізге сала кетейік, Марат Жыланбаев Африкадағы, Австралиядағы, Азиядағы және Американың ең үлкен шөлдерін жүгіріп өткен жалғыз адам. Біздің отандасымыз жеті жетістіктің авторы, ол Гиннестің рекордтар кітабынан лайықты орын алды. Спорттық мансап жылдарында 160 мыңнан астам шақырым қашықтықты бағындырған.

- Бүгінде жыл сайынғы Атырау марафонына қатысуға тіркеу жабық, ұйымдастырушылар жарысқа дайындықтың соңғы кезеңіне жетті, - деді Юрий Пономарев.

Әлемдік рекордшы Марат Жыланбаевпен дайындық 13 сәуір күні сағат 17.00-де А.С.Досмұхамедов атындағы стадионда өтеді.

Рекордсмен Марата Жыланбаев в третий раз примет участие в «Atyrau Marathon» Рекордсмен Марата Жыланбаев в третий раз примет участие в «Atyrau Marathon» Рекордсмен Марата Жыланбаев в третий раз примет участие в «Atyrau Marathon»

Парақтағы соңғы өзгерістер: 12.04.2019 08:48

Мақаланың шыққан күні: 12.04.2019