Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
07.06.2020

Қызметтер

Атырауда Шалқар Ақымғалиевтың рухына көкпар ұйымдастырылды

В Атырау организовали кокпар в память о Шалкаре АкымгалиевеЖаппай көкпарға 30-дан аса шабандоз қатысты. 

Жаппай көкпарды "НұрАтырау Құрылыс" ЖШС-і ұйымдастырды. Мекеме қолдауымен киіз үй тігіліп, қазақша күреске кілем жайылып, Құран оқылды. Шараға Шалкар Ақымғалиевтың анасы Ләззат Мәженқызы, қайғылы оқиғаны бастан кешірген Рүстембек Сүндетов, ел азаматтары, қала тұрғындары мен қонақтары қатысты. 

Шара барысында Шалқар батырымыздың анасына алғыс xат табысталып, Рүстембек батырымызға шапан жабылды. 

-Атырау обысында ұлттық спорт, соның ішінде көкпар қарқынды дамып келеді. Қазіргі таңда қаламызда апта сайын жеке азаматтар, мекемелер ұйымдастыруымен жаппай көкпар, топтық көкпар ұйымдастырылады. Бүгінгі шара халық батыры Шалқардың рухына ұйымдастырылды. Бұл еліне елеулі азамат, оның ерлік қадамы мәңгілік ел жадында,- деді Атырау облыстық Ұлттық спорт түрлері Федерациясының президенті Асланбек Жанбалаев. 

Еске сала кетейік, 21 наурыз күні Атырауда Шалқар Ақымғалиев Жайық өзеніне көпірден секірген бойжеткенді құтқарып, өзі қаза болған еді.

 

 

 

 

В Атырау организовали кокпар в память о Шалкаре Акымгалиеве В Атырау организовали кокпар в память о Шалкаре Акымгалиеве В Атырау организовали кокпар в память о Шалкаре Акымгалиеве В Атырау организовали кокпар в память о Шалкаре Акымгалиеве В Атырау организовали кокпар в память о Шалкаре Акымгалиеве В Атырау организовали кокпар в память о Шалкаре Акымгалиеве

Парақтағы соңғы өзгерістер: 09.04.2019 09:00

Мақаланың шыққан күні: 09.04.2019