Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
07.06.2020

Қызметтер

Атырауда алғаш рет көгершіндер көрмесі өтті

В Атырау впервые состоялась выстовка голубей23 наурызда Атырауда алғаш рет халықаралық көгершіндер жәрмеңкесі өтті. Шараға Ақтөбе, Орал, Ақтау, Тараз, Қызылорда қалалары мен Өзбекстан, Ресей мемлекеттерінен жүздеген құсшы келіп, 500-ге тарта спорттық, көркемдік және ойын көгершінін көпшілік назарына ұсынды.

Ұйымдастырушылардың бірі, атыраулық құсшы Ерлан ТАБЫЛДИЕВТІҢ айтуынша, «Мұнайшы» спорт кешенінде өткен шараның негізгі мақсаты – бейбітшілік құстарының әдемілігі мен шыр көбелек айналатын ұшу кереметтерін көрсету ғана емес, Атырауда құсшылардың бас қосатын федерациясын құру.

- Бүгінде Атырауда жүздеген көгершін асыраушы бар. Алайда, олар тек əлеуметтік желілерде ғана бас қосып, тәжірибе алмасады. Іс жүзінде бірігетін уақыт жетті, - дейді Табылдиев.

Көрмеге Соттүстік Кавказдың ақбасты, біртүсті көгершіндері, Түрік таклы, Иран, Өзбек көгершіндері мен спорттық және бакин кептерлері қойылды.

Шараға жиналған кептер асыраушылардың ең жасы 9-да, үлкені 70-ке таяп қалған. Араларында көгершін асырауды ұрпақтан-ұрпаққа жалғастырып келе жатқан әулеттер де бар екен. Соның бірі - «ВКонтакте» әлеуметтік желісіндегі 8 мыңға жуық құсшының басын қосқан «Қазақстан құсшылары» тобының әкімшісі, 18 жастағы атыраулық Арсен ТАСҚЫМБАЕВ. Ол сайыста «Ең жас қатысушы» номинациясына ие болды.

- Көгершін өсірумен 13 жасымнан бері айналысып келемін. Түске дейін жұмыс жасаймын, түстен кейінгі уақытым көгершін бағуға кетеді. Қазір қолымда 30-дан астам көгершін бар. Бұл ермек маған әкемнен қалған, әкеме атамнан мирас болған,- дейді Арсен.

Шара барысында, көгершіндердің спорттық трюктер жарысы ұйымдастырылып, жеңімпаз құсшыларға 8 номинация бойынша дипломдар мен кубогтар, ардагер құсшыларға естелік сыйлықтар табыс етілді.

В Атырау впервые состоялась выстовка голубей В Атырау впервые состоялась выстовка голубей В Атырау впервые состоялась выстовка голубей В Атырау впервые состоялась выстовка голубей В Атырау впервые состоялась выстовка голубей В Атырау впервые состоялась выстовка голубей В Атырау впервые состоялась выстовка голубей

Парақтағы соңғы өзгерістер: 26.03.2019 10:19

Мақаланың шыққан күні: 26.03.2019