Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
30.05.2020

Қызметтер

Дүниежүзілік мүгедектер ойындары

Всемирные игры инвалидовБАӘ-де Шаржа қаласында IWAS-2019 Дүниежүзілік мүгедектер ойыны өтті. Үстел теннисі бойынша сайыстарға Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген бапкері Гүлнар Иманалиеваның жетекшілігімен Атырау спорт клубының командасы қатысты. Ойын қорытындысында команда 2 алтын, 2 күміс және 4 қола алқалы болды.

Екі «алтын» - Әли Мақұлбековтің еншісінде. Ол алдымен абсолюттік біріншілікте үздік болып, содан соң финалда алматылық теннисші Курпетаевпен жұптасып ойнап, жеңіске жетті. Командалық сайыста күміс алқа Берекет Ақжігітовке бұйырды. Өткен Параазия ойындарына қатысушы Ерлан Қазиев тағы бір күміс алқа алды.

Бұдан басқа, Мақұлбеков, Ақжігітов және тағы бір атыраулық спортшы Кенгес Қониев жеке біріншілікте қола жүлдегер атанды. Біздікілер командалық сайыста тағы бір қола алқа иеленді.

Жазда атыраулықтар Тайпейде өтетін Азия чемпионатына сапарға шығады. Команда «Дана Групп» (Т.Бекенов) компаниясына және Құлсары қаласының мүгедектер қоғамына (К.Еңсепов) қаржылай көмек көрсеткендері үшін алғыс білдіреді.

Всемирные игры инвалидов Всемирные игры инвалидов Всемирные игры инвалидов Всемирные игры инвалидов Всемирные игры инвалидов

Парақтағы соңғы өзгерістер: 11.03.2019 15:38

Мақаланың шыққан күні: 11.03.2019