Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
30.05.2020

Қызметтер

Атырауда ұлттық спорт жекпе-жектен Қазақстан чемпионаты өтті

В Атырау прошел чемпионат Казахстана по национальному виду спорта  жекпе-жекАтыраулық 4 спортшы Әлем чемпионатына жолдама алды, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

1-3 наурыз күндері Атырау қаласында өткен ерлер мен әйелдер арасында  ұлттық спорт жекпе-жектен Қазақстан чемпионатында 300-ге жуық спортшылардан мықтылары анықталды. 

Ұлттық спорт жекпе-жектің ашылу салтанатында сөз сөйлеген Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев барлық қатысушыларға сәттілік тіледі.

-Атырау қаласы қандай дәрежедегі шара болса да, өткізуге толықтай дайын. Бокстан Әлем чемпионатының жартылай финалы дәл осы жерде өтті. Өңірімізде әлем чемпионаттары, біріншіліктер де өтіп жатыр.  Жергілікті атқарушы органдар қажетті қолдауды көрсетіп кез-келген ауқымды жарыстарды өткізуге дайын,-деді облыс басшысы.

Жарыс қорытындысы бойынша ерлер арасында атыраулық спортшылар 57 келі салмақта Талғат Жұмағалиев, 80 келі салмақта Исатай Теміров, 90 келі салмақта Дәурен Ермеков және әйелдер арасында 62 келі салмақта Ақбөбек Ерғалиева жарыс жеңімпаздары атанды.  Спортшылар енді  Әлем чемпионатында ел намысын қорғайтын болады.

Жалпы командалық сапта Атырау қаласының спортшылары екінші орынға ие болды, үшінші орынды Ақтөбеліктер еншіленсе бірінші орын Алматылықтарға бұйырды.

Айта кету керек, 2017 жылы жекпе-жектен Қазақстан чемпионаты және тұңғыш әлем чемпионаты Атырауда өткен болатын.

В Атырау прошел чемпионат Казахстана по национальному виду спорта  жекпе-жек В Атырау прошел чемпионат Казахстана по национальному виду спорта  жекпе-жек В Атырау прошел чемпионат Казахстана по национальному виду спорта  жекпе-жек В Атырау прошел чемпионат Казахстана по национальному виду спорта  жекпе-жек В Атырау прошел чемпионат Казахстана по национальному виду спорта  жекпе-жек В Атырау прошел чемпионат Казахстана по национальному виду спорта  жекпе-жек

Парақтағы соңғы өзгерістер: 06.03.2019 08:37

Мақаланың шыққан күні: 06.03.2019