Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
05.06.2020

Қызметтер

Атырауда дзюдодан жастар арасындағы чемпионат өтіп жатыр

В Атырау стартовал Чемпионат РК по дзюдо среди молодежиЖарысқа Қазақстанның түкпір-түкпірінен 500-ге жуық спортшы қатысуда,  деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Атырауда дзюдодан жастар арасындағы чемпионат басталды.  Жарысқа 1999-2001 жылдары туған жастар қатысуда.  Жайық жағасындағы додаға еліміздің барлық өңірлерінен 500-ге жуық спортшы жиналды. 

Дзюдодан ҚР чемпионатын Атырау облысының әкімі ашты. Нұрлан Ноғаев өз сөзінде спортшыларға табыс тілеп, биыл Конфедерация кубогын жеңіп алған  атыраулық дзюдошылардың табысын атап өтті. 

-Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша спортты дамытуға бағытталған шаралар жасалып жатыр. Көптеген жаңа нысандар салынып,  үйірмелер,  секциялар,  спорт алаңдары ашылды. Алға қарай да жұмысты жалғастырамыз, -деді Нұрлан Ноғаев.

Айта кетейік,  дзюдодан республикалық чемпионат 5 наурызға дейін созылады. Жарыс қорытындысы бойынша дзюдодан Қазақстан Республикасының құрамасы жасақталады. Жарыс Жастар жылына және жас қазақстандықтар арасында спортты насихаттауға арналған.

В Атырау стартовал Чемпионат РК по дзюдо среди молодежи В Атырау стартовал Чемпионат РК по дзюдо среди молодежи В Атырау стартовал Чемпионат РК по дзюдо среди молодежи В Атырау стартовал Чемпионат РК по дзюдо среди молодежи

Парақтағы соңғы өзгерістер: 04.03.2019 11:38

Мақаланың шыққан күні: 04.03.2019