Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
07.06.2020

Қызметтер

Жансель Дениз: Рейтингілік турнирлерден кейінгі жоспарымен бөлісті

Жансель Дениз: Каждое успешное выступление вселяет уверенностьТаеквондодан Қазақстан құрамасының мүшесі Жансель Дениз жыл басталғалы бері екі рейтингілік турнирде жүлдеге ілікті. Бұл спортшының әлем чемпионатына дейін қажетті ұпай жинап, Олимпиадаға іріктеу сынында жолдамаға таласуына мүмкіндік береді. Olympic.kz сайтына шағын сұхбат берген Жансель лицензия үшін бар күшін салатынын айтады.

- Ақпан айында біз екі ірі рейтингілік турнирге қатыстық. Мұндай бәсекелерге әлемнің әр түкпірінен спортшылар жиналады. Өйткені, бәрінің мақсаты біреу – рейтингтегі орнын жақсарту.

Олимпиадалық рейтингте жоғары ұпай жинап, үздік алтылыққа ену менің де ең басты міндетім. Бірақ бұл оңай шаруа емес. Жолдамаға ілігу үшін күш-жігерімді аяп қалмаймын. Ірі жарыстардан олжалаған әрбір жүлдем маған сенімділік сыйласа, жеңілістің де өз сабағы бар.

Биылғы маусымда өткізілген төрт турнирден соң әлемдік рейтингте 12-ші орыннан жетінші сатыға, олимпиадалық рейтингте 17-ші орыннан 12-ші сатыға көтерілуді жоспарлап отырмын.

Манчестерде өтетін әлем чемпионатына дейін әлі екі-үш жарысқа қатысамыз. Келесі турнирдің қай жерде өтетінін бапкерлер шешеді. Біздің міндет – жарысқа сақадай сай болу, - дейді Жансель.

Еске сала кетейік, Жансель Дениз кеше Египеттің Хургада қаласында өткен G2 санатындағы рейтингілік сында күміс жүлдегер атанды. Бұған дейін қазақстандық таеквондошы Түркия мен Біріккен Араб Әмірліктеріндегі жарыста тұғырдан көрінген болатын.

Жансель Дениз: Каждое успешное выступление вселяет уверенность


Парақтағы соңғы өзгерістер: 28.02.2019 11:06

Мақаланың шыққан күні: 28.02.2019