Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
31.05.2020

Қызметтер

Екі дүркін!

Екі дүркін!Басты Олимпиадалық үмітіміз, пара таеквондошы Нұрлан Домбаев Түркия еліндегі әлем чемпионатынан жүлделі оралды.

-Бірінші кездесу финалға қарағанда ауырлау болды, - дейді екі дүркін әлем чемпионы Нұрлан Домбаев.

Әлемдік рейтингте екінші болғандықтан спортшымыз бірінші кезеңді қарсылассыз өтті. Екінші кезеңде әзірбайжандық шебермен жолықты. Қарсыласы оңай болмады, бірақ жеңіске деген жігері басым болған Нұрлан ұпай санымен басым түсті.

Ақтық сында Нұрлан жергілікті спортшымен күш сынасты. Әлемдік рейтингте бірінші тұрған украиндықты ұтқан Түрік спортшысының мықтылығы айқын байқалды. Бірақ біздің спортшыға бұл ешқандай әсерін тигізбеді. Жарыс қожайынымен жекпе-жекке шыққанда үнемі бір бас алда тұру керек. Өйткені тең жағдайда жеңіс жарыс қожайынына берілетіні сөзсіз. Нұрлан сайысқа дәл осындай оймен шықты. Нәтижесінде жерлесіміз айқын басымдылықпен жеңіске жетті.

- Жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Ендігі мақсатым 2020 жылы Токио елінде өтетін паралимпиада ойындарының алтыны, - деді Нұрлан Домбаев әуежайдан күтіп алған тілшілерге.

Айта кету керек, біздің спортшы өзі қатысқан сайыстарда жеңіліп көрген жоқ.

Екі дүркін! Екі дүркін! Екі дүркін! Екі дүркін!

Парақтағы соңғы өзгерістер: 14.02.2019 15:52

Мақаланың шыққан күні: 14.02.2019