Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
31.05.2020

Қызметтер

Атыраулық таеквондошы ақтық сында қытайлықты жеңіп, БАӘ еліндегі турнирде алтын медаль еншіледі

Атырауская таэквондистка взяла золото в турнире в ОАЭ, победив в финале китаянкуЖансель Дениз қытайлықты ұтты.

Фуджейра қаласында (БАӘ) Fujairah Open атты ірі халықаралық турнир өтті. Қазақстандық спортшылар бірнеше медальға ие болды.

73 келі салмақ дәрежесінде бақ сынаған атыраулық спортшы Жансель Дениз алтын жүлде иеленген екі қазақстандық спортшының бірі болды.

- Өз салмағымда рейтингі жоғары спортшы болған соң бірінші айналымнан босатылдым. Жартылай финал мен финалдық кездесуде қытайлық спортшылармен жолығып, жеңіске жеттім. Соңғы рет осы Қытай спортшысынан жеңілген болатынмын. Фуджейрада есемді қайтардым, - дейді Жансель Дениз. Жансель осы Халықаралық турнирде 2016 жылы күміс, 2017 жылы қола медаль еншілеген болатын. Айта кету керек, G1 рейтингтік турнирінен кейін Жансельге 10 ұпай берілді.

 

 

 

Атырауская таэквондистка взяла золото в турнире в ОАЭ, победив в финале китаянку


Парақтағы соңғы өзгерістер: 12.02.2019 16:57

Мақаланың шыққан күні: 12.02.2019