Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
02.06.2020

Қызметтер

БЖЗҚ көрсететін қызметтерінің қолжетімділігі мен сапасын қамтамасыз өте отырып, өңерлік желілерін оңтайландыруда

БЖЗҚ салымшылар мен алушылардың Қор бөлімшелеріне келу көрсеткішіне, сәйкесінше оларға түсетін жүктемеге тұрақты түрде мониторинг және талдау жүргізіп келеді. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры осы деректерді негізге ала отырып, операциялық шығындарды азайту мақсатында өзінің өңірлік желілерін оңтайландырады.

2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап БЖЗҚ-ның республика бойынша 18 филиалы жұмыс істейді. Олардың құрамында 30 бөлімше және 88 қызмет көрсету орталықтары бар.

Бұдан басқа, 97 елдімекенде БЖЗҚ мамандары қашықтағы жұмыс орны арқылы салымшылар мен алушыларға қызмет көрсетеді. Бұл жұмыс орындарының бір бөлігі мемлекеттік ұйымдарда және «Қазпошта» АҚ бөлімшелерінде орналасқан. Қор бөлімшелерінің өзекті тізімі туралы www.enpf.kz сайтының «Байланыстар» бөлімінен, сондай-ақ, Қордың байланыс орталығының 1418 тегін телефон нөміріне хабарласу арқылы білуге болады.

Атап өту керек, салымшылар мен алушыларға көрсетілетін қызметтер аясында орындалатын операциялардың шамамен 65 пайызы қашықтықтан жүзеге асырылады.

Салымшылар мен алушылар электрондық қызметтердің толық тізбесін enpf.kz корпоративтік сайты және ENPF ұялы қосымшасы арқылы алуларына болады.

Осылайша Қордың көрсететін қызметтері Қазақстанның барлық өңірлерінің тұрғындары үшін қолжетімді болып қала береді.

press@enpf.kz


Парақтағы соңғы өзгерістер: 30.01.2019 09:35

Мақаланың шыққан күні: 29.01.2019