Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
06.06.2020

Қызметтер

ҚР Үкіметінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы №934 қаулысының нормаларын талқылау бойынша дөңгелек үстелдің ХАТТАМАСЫ №2

ПРОТОКОЛ  круглого стола по разъяснению норм  Постановления Правительства Республики Казахстан 29 декабря 2018 года №934  №2Төрағалық еткен:

Атырау облысы Мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы А.Т.Баймагамбетова

Қатысушылар:

Атырау облысы Мемлекеттік сатып алу басқармасының мемлекеттік қызметшілері.

 КҮН ТӘРТІБІНДЕ

1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Мемлекеттiк бюджеттiң есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекемелер қызметкерлерiнiң, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Парламенті депутаттарының Қазақстан Республикасының шегiндегi қызметтiк iссапарлары туралы ереженi бекiту туралы" 2000 жылғы 22 қыркүйектегі № 1428 және "Бюджет қаражаты есебінен қызметтік іссапарларға, оның ішінде шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу қағидаларын бекіту туралы" 2018 жылғы 11 мамырдағы № 256 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2018 жылғы 29 желтоқсандағы №934 қаулысының нормаларын талдау.

Үкімет қаулысы мемлекеттік қызметкерлердің қызметтік іссапар шығыстарына арналған шығыстарды өтеу жөніндегі рәсімдерді оңтайландыруға және мемлекеттік қызметшілердің іссапарлар бойынша есептілікті тапсыру барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жоюға бағытталған.

Дөңгелек үстел барысында қызметтік іссапарлар туралы ережесіне енгізілген негізгі өзгерістер мен толықтырулар талқыланды. Атап айтқанда, Жол жүру құжаттарын қоспағанда (жол жүру құнын анықтау үшін) тұрғын үйді жалдау және басқа да оған ілеспе құжаттарды растайтын іссапар куәлігін, сондай-ақ аванстық есепті тоқтату.

Сонымен қатар, іссапарға жолданған қызметкерге белгіленген нормаларға сәйкес міндетті түрде төленетін төлемдер туралы айтылды.

 

Атырау облысы Мемлекеттік сатып

алу басқармасының құқықтық және

әкімшілік бөлімінің басшысы Д.Кушаева


Парақтағы соңғы өзгерістер: 23.01.2019 16:19

Мақаланың шыққан күні: 23.01.2019