Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
07.06.2020

Қызметтер

Атырау облысы әкімиятының 2008 жылғы 14 сәуірдегі №102 «Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының мәселелері» қаулысына толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27, 37-баптарына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 17, 164-баптарына және Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 65-бабына сәйкес Атырау облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Атырау облысы әкімиятының 2008 жылғы 14 сәуірдегі №102 «Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының мәселелері» қаулысына келесі толықтыру енгізілсін:

келесі мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:

«1-1. Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының құрылымы:

1) басшы;

2) басшының емдеу-профилактикалық жұмыстарын үйлестіру жөніндегі орынбасары;

3) басшының даму және кадрлық саясат жөніндегі орынбасары;

4) персоналды басқару қызметі;

5) жоспарлау және бухгалтерлік есеп бөлімі;

6) мемлекеттік сатып алу және дәрімен қамтамасыз ету бөлімі;

7) ана мен бала денсаулығын қорғау және емдеу-профилактикалық жұмыстарын үйлестіру бөлімі;

8) қоғамдық денсаулық сақтауды дамыту, мемлекеттік бағдарламаларды, мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді мониторингілеу және лицензиялау бөлімі;

9) жұмылдыру жұмыстары, мемлекеттік құпияларды қорғау және инвестициялық жобалар бөлімі.».

2. «Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын барлық шараларды қабылдасын.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау Атырау облысы әкімінің орынбасары Ә.И. Нәутиевке жүктелсін.

4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.

 

Облыс әкімі Н.Ноғаев


Парақтағы соңғы өзгерістер: 20.11.2019 09:09

Мақаланың шыққан күні: 18.01.2019