Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
06.06.2020

Қызметтер

Дөңгелек үстел

Дөңгелек үстел2018 жылғы 12 желтоқсанында Атырау облысы Мемлекеттік сатып алу басқармасында Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын жетілдіру, мемлекеттік қызметшілердің сыйлықтарды немесе көрсетілетін қызметтерді қабылдауларына жол бермеу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелері талқыланған болатын.

Дөңгелек үстелдің қатысушыларына Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормалары мен мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы айтылды. Соның ішінде ерекше көңіл мемлекеттік қызметшілердің жұмыстан тыс уақыттағы мінез-құлықтары туралы айтылды өйткені мемлекеттік қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылатындықтан, мемлекеттік қызметшілердің моралдық-әдептілік бейнесіне жоғары талаптар қойылады.

Басқарманың қызметкерлерінің құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында, мемлекеттік қызметшілердің сыйлықтарды немесе көрсетілетін қызметтерді қабылдауларына жол бермеу мәселесі көтерілді. «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызмет туралы» ҚР Заңының 50-бабы, 10-тармағына сәйкес, «Ресми адамдардың лауазымдық өкілеттіктерін пайдалана отырып, мүліктік пайда, игіліктер не артықшылықтар алу үшін аталған адамдарға сыйлықтарды тарту етуі және қызметтік емес қызметтер көрсетуі» мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік қызметке кір келтiретін тәртіптік теріс қылық болып табылатындығы ескертілді. Сонымен қатар, сыйлықтарды алу немесе беру кезіндегі әкімшілік жауапкершілік және әкімшілік айыппұлдардың көлемі туралы айтылды.

Дөңгелек үстел барысында талқыланған тағы бір мәселелердің бірі бұл – сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселесі. Өйткені кез келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселенің бірі болып табылатындықтан, Қазақстан Республикасының да мемлекеттік саясатының негізгі басымдылықтарының бірі осы зұлымдықпен күресу болып табылады.

Дөңгелек үстел Дөңгелек үстел

Парақтағы соңғы өзгерістер: 25.12.2018 15:01

Мақаланың шыққан күні: 25.12.2018