Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
11.08.2020

Қызметтер

Қолалы балуандар

Қолалы балуандарАтыраулық спортшылар қазақ күресінен ерлер мен әйелдер арасындағы ел чемпионатында үш қола жүлде еншіледі. Ел чемпионаты Петропавлсктегі Александр Винокуров атындағы спорт кешенінде өтті.

Былтырғы жылы ел чемпионаты көктемгі мегзілдерде өтетін. Биыл жарыс ұйымдастырушылары ертерек өткізіп отыр. Оған себеп 2019 жылғы ұлттық құраманы анықтап, оқу жаттығуларын өткізіп, алдағы әлемдік додаларға тыңғылықты дайындалу.

52 келі салмақ дәрежесінде атыраулық спортшы Айымгүл Махуова қола жүлдегер атанды. Ерлер арасында 55 келіде Бекет Жүніс үздік үштіктен көрінді. 74 келіде бақ сынаған Сағат Ғазимов қола медаль иегері атанып, спорт шебері нормативін орындады.

-Жарақаттарына байланысты ұлттық құраманың бірінші номерлі спортшылары Наурызбек Майлашев пен Нұрболат Ізімғалиев ел чемпионатына қатыса алмады, - дейді облыс аға жаттықтырушысы Айбек Серғазиев. – Бұл жалпы есепте өз әсерін тигізбей қоймады. 17 команданың ішінен 7-ші орын алдық. Біздің облыстан 6 спортшы қатысып, оның 3-еуі жүлдегер атанып отыр. Ал басқа облыстардан 20-30 спортшыдан қатысты. Олардың арасында медальсыз оралған командалар да бар.

Айбек Серғазиевтің айту бойынша биылғы жылы атыраулық спортшылар табысты нәтидеге қол жеткізді. Атырау қаласында өткен Қазақстан Кубогында спортшыларымыз 2 алтын және 2 күміс медаль еншіледі. Екі спортшымыз Астана қаласында өткен Азия чемпионатына жолдама алып, біреуі күміс, біреуі қола жүлдегер атанды. Қазақстан чемпионатында және Кубогында жүлдегер атанған спортшылар ұлттық құрама сапына еніп, оқу жаттығу жиындарына қатысады.

Айта кету керек, биылғы жылы қазақша күреске жаңа ережелер қосылды. Енді қыздар қол беріп амандаспайды, төрешілер бұрынғыдай жеңімпаздың қолын көтермейді.

 

Қолалы балуандар Қолалы балуандар Қолалы балуандар Қолалы балуандар

Парақтағы соңғы өзгерістер: 23.11.2018 15:53

Мақаланың шыққан күні: 23.11.2018