Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
07.06.2020

Қызметтер

Парижден медаль

Парижден медаль15 жасар Нұрай Хұсайынова Франция астанасы Париж қаласында өткен «French Open 2018 G2» xалықаралық турнирінде қола жүлдегер атанды.

Парижге 30 елдің өкілдері келген. Нұрай Қазақстан ұлттық құрамасы сапына енген жалғыз атыраулық спортшы. Ол ширек финалда Француз спортшысын 17:5 есебімен ұтты. Жартылай финалда америкалықтан 2:3 есебімен ұтылып қалды. 63 келі салмақа жерлесіміз 11 спортшының арасынан үшінші орынға ие болды. Жалпы Қазақстан құрамасы 1 алтын, 1 күміс және 2 қола медаль еншіледі.

-Нұрай таеквондо үйірмесіне сәл кештеу, 11 жасында келді. Негізі балаларды 7 жастан қабылдаймыз, - дейді облыс жастар құрамасының аға жаттықтырушысы Сәуле Сардарова. – Асан Қасаев шәкірті спортпен шұғылданғанына 4 жыл болғанына қарамастан өте тәжірбиелі спортшылардан басым түсті. Биыл Қазақстан чемпионатында жеңіске жетіп ұлттық құрамаға алынды. Тунисте өткен лицензиялық турнирде жасөспірімдер Олимпиадасына бару үшін мүмкіндік болған. Бірақ лицензия бұйырмады. Жалпы ұлттық құрамаға 10 ұл мен 10 қыз бала кіреді. Атыраудан Мерген Ғаниев пен Нұрай Хұсайынов бар. Биылғы ел чемпионатында 2 алтын, 1 күміс және 1 қола медальмен төртінші орын алдық.

Париждегі турнирден кейін Нұрай Дубай еліне оқу жаттығу жиындарына аттанды.

Медаль из Парижа

Парақтағы соңғы өзгерістер: 23.11.2018 15:12

Мақаланың шыққан күні: 23.11.2018