Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
05.06.2020

Қызметтер

Атырау VS Тбилиси

Атырау VS ТбилисиТұңғыш Президент күніне орай «Атырау» спорт кешенінде кикбоксингтен кәсіпқойлар арасындағы жолдастық кездесу өтеді. 5 атыраулық спортшы Тбилиси командасына қарсы тұрмақ.

54 келі салмақ дәрежесінде Атырау намысын Жанали Сәлімгереев қорғайды. К1 нұсқасы бойынша 60 келі салмақта 2017 жылғы Будапештте өткен әлем чемпионатының жеңімпазы Жандос Назарбеков жекпе-жек өткізбек. Шаршы алаңға Сәлімгереев Сәлімжан фулл-контакт нұсқасы бойынша 67 келіде, осы салмақта К1 нұсқасы бойынша Алихан Оздоев, К1 нұсқасы бойынша 71 келіде Азамат Өтемісов шығады. Кештің басты жекпе-жегінде әлем чемпионы Абзал Дүсіпов түркиялық Юлдуз Хазарға қарсы тұрмақ.

-Қазақстан мен Түркия спортшылары әлем чемпионаттарында тең дәрежеде келеді. Юлдуз Хазар өз елінде танымал спортшы. Біздің Абзал да мықты спортшы, әлем чемпионы, Азия чемпионы, Әлем Кубогының иегері, - дейді облыстың аға жаттықтырушысы Данияр Юсупов. – Республикалық сайыстарда атыраулық кикбоксшылар әрқашан үздік үштіктен көрініп келеді. 2017 жылы Венгрияда өткен әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы 3 алтын медаль еншіледі. Оның біреуін атыраулық Жандос Назарбеков иеленді. Біздің спортшылар тағы бір күміс пен бір қола жеңіп алды.

Алдағы кикбоксинг кеші Атырауда осымен үшінші мәрте ұйымдастырылып отыр. 2015 жылы Ресейліктер қарсы кездесу өтті. 2016 жылы Қарағанды құрамасына қарсы кездесу өтті. Ол кезде бес кездесудің төртеуін Орталық Қазақстанның спортшылары жеңді. Атыраудан жалғыз Сәлімгереев Жанали жекпе-жекке шыққан болатын.

Ұйымдастырушылардың айтуы бойынша жеңімпаздарға қаржылай сыйақы және чемпиондық белдіктер табысталады. Спорттық кешен 1500 адамға шақталған. Сайыс қонақтары шаршы алаң маңында орналасқан арнайы орындарға отырады.

1 желтоқсан күні сағат 18:00-де «Атырау» спорт кешеніде күтеміз. Кештің басты қонағы әнші Ибрагим Ескендір, - дейді Данияр Юсупов.

Атырау VS Тбилиси Атырау VS Тбилиси

Парақтағы соңғы өзгерістер: 23.11.2018 14:11

Мақаланың шыққан күні: 23.11.2018