Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
07.06.2020

Қызметтер

Сенімді ақтады

Доверие оправдалАтыраулық самбошы Серікжан Түсіпов самбодан әлем чемпионатының қола жүлдесін жеңіп алды. Чемпионат Румыния елінде өтіп, оған 78 елден 520 спортшы қатысты.

23 жасар Серікжан әлем чемпионатына алғаш рет қатысып отыр. Биыл Қазақстан чемпионы атанып, Азия чемпионатында қола жүлдеге қол жеткізді. Осындай жетістігінен кейін оны Қазақстан самбо федерациясы әлем чемпионатына апаруды жөн санаған.

Ұлттық құрама сапында әлем чемпионатына Серікжанмен қоса Парасат Жұмабай да қатысты. Парасат 62 келі салмақта екі кездесуінде жеңіске жетіп, үшіншісінде ұтылып қалды. Бірінші кездесу Серікжан үшін қиын болды. Ол алғашқы кездесуінде Ресейлік спортшыға есе жіберді. Келесі үш кездесу қазақстандықтың еншісіне жазылды. Х. Досмұхамедов атындағы Университеттің 4-ші курс студенті осылайша үшінші орын еншілеген болатын.

- Ауыр жаттығулардан соң араға 8 жыл салып әлем чемпионатына қатысу бағы бұйырды. Талай тер төктік, соңында жеңістің дәмі ерекше тәтті, - дейді жүлдегер. - Әлем чемпионатынан кейін тынығып алдық. Щучинсктегі таулы аймақта өткен жаттығу спортшыларға оң әсерін берді. Қазақстандық команда 2 алтын, 1 күміс және 3 қола жүлде ұтып алды.

Қазақстан намысын 9 салмақ дәрежесі бойынша 9 спортшы қорғады. Біздің құрама Ресей мен Грузиядан кейін үшінші жалпы командалық есептке тұрақтады.

Айта кету керек, спортшыларымызды жарысқа Атырау облысы самбо федерациясының жаттықтырушылары Бисембай Қошқаров пен Қайрат Досқалиев дайындады.

Доверие оправдал Доверие оправдал Доверие оправдал

Парақтағы соңғы өзгерістер: 22.11.2018 15:42

Мақаланың шыққан күні: 22.11.2018