Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
07.06.2020

Қызметтер

Атыраулық Қаһарман Қисметов Әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

Борец из Атырау завоевал «бронзу» на чемпионате мира в РумынииЖас спортшы 23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы грек-рим күресінен Әлем чемпионатында өз бағын сынады, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

72 кг салмақта өнер көрсететін Қаһарман жартылай финалда грузиялық балуанға 5:7 есебімен есе жіберді. Есесіне, қола жүлде үшін бәсекеде ресейлік қарсыласын 5:0 есебімен айқын басымдылықпен ұтты.

21 жастағы балуан 2015 жылы жастар арасында Әлем чемпионатының күміс жүлдегері, жастар арасында Азия біріншілігінің жеңімпазы, 2017 жылы ересектер арасында ҚР чемпионы атанып үлгерді.

 

 

Борец из Атырау завоевал «бронзу» на чемпионате мира в Румынии


Парақтағы соңғы өзгерістер: 19.11.2018 09:45

Мақаланың шыққан күні: 19.11.2018