Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
31.05.2020

Қызметтер

Абзал Дүсіпов кезекті жекпе-жегінде жеңіске жетті

Абзал Дюсупов одержал победу в  очередном поединкеӘуесқой кикбоксингтің үздігі, төрт дүркін әлем кубогінің иегері жерлесіміз кикбоксингтан "WK-1" белдігін иемденді, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

11-ші қараша күні Грузия астанасы Тбилиси қаласында кикбоксингтен "Eagle Fight series" кәсіпқой кеші өтті. Бұл кеште атыраулық әлем чемпионы Абзал Дүсіпов грузиялық Лука Шониямен жекпе-жекке шығып, жеңіске жетті.

Кездесу 63,5 келі салмақта Кикбоксингтің Фулл Контакт түрі бойынша ұйымдастырылды. Бұл кеште Абзал төрешілердің бірауыз шешімімен жеңіске жетіп, ел намысын қорғады.
Айта кетейік, 1 желтоқсан күні Атырау қаласында 2013 жылғы әлем чемпионы, 2012 жылғы Азия чемпионы, 4 дүркін Әлем кубогының иегері  Абзал Дүсіповтың қатысуымен үлкен кикбоксинг кеші өтеді деп жоспарлануда.

 

 

 

 

Абзал Дюсупов одержал победу в  очередном поединке

Парақтағы соңғы өзгерістер: 14.11.2018 10:23

Мақаланың шыққан күні: 14.11.2018