Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
30.05.2020

Қызметтер

Бауыржан әлем чемпионы

Бауыржан әлем чемпионыАстанада кекушинкай каратэ-до (KWF нұсқасы) бойынша әлем чемпионатында 29 жастағы атыраулық палуан Бауыржан Күмісқалиев 75 келіге дейінгі салмақта алтын алқа иеленді.

Бауыржан – Атырау облысындағы титулды спортшылардың бірі, Әлем кубогының иегері, Еуропа мен Азияның екі дүркін чемпионы. 2016-2017 жылдары спорт алаңында көрінбей кетіп, спорттық мансабын аяқтағандай көрінген. Олай емес екен.

Өткен жылдың аяғында ол спортқа қайта оралды. Бауыржан ел чемпионатында алтын алқа жеңіп алып, әлем чемпионатына қатысу құқығына ие болды.

Әлем чемпионатында оның салмақ дәрежесінде 34 спортшы қатысты. Бірінші жекпе-жекте сот шешімімен Польша өкілінен үстем болып, екінші жекпе-жекте армениялық бәсекелесін мерзімінен бұрын жеңді. Содан кейін болгарлық спортшыдан басым түсті. Жартылай финалда оған Қазақстан ұлттық құрамасындағы жолдасы, ақтаулық әлем чемпионы Берекет Нұрбаевпен жекпе-жекке шығуға тура келіп, тағы да жеңіс тұғырынан көрінді. Финалда Бауыржан Ресей құрамасының өкілі Павел Черепановты жеңіп, әлем чемпионы атағын алды.


Парақтағы соңғы өзгерістер: 08.11.2018 14:13

Мақаланың шыққан күні: 08.11.2018