Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
31.05.2020

Қызметтер

Аяқ пен қолдан айырылдым, бірақ өз-өзіме сенбеймін: Қазақстандық спортшының өмірі туралы

Потерял руку и ногу, но не веру в себя: жизнь и судьба чемпиона из КазахстанаЕржан Сәлімгереев Джакартада өткен Азия Пара ойындарында Қазақстан құрамасының қоржынына бірден екі алтын медаль салды. Sputnik Қазақстан тілшісіне берген сұқбатында ол қиын кездері, достарының сатқындығы, суицид туралы ойлар мен бақыттың мәні туралы әңгімелеп берді.

Басқа түскен қиындыққа мойымай, өмірде өз орнын тапқан 28 жастағы Ержан Сәлімгереев – бүгінде көпке үлгі спортшы. Осыдан көп жыл бұрын ауруханадан үйіне бір аяқ, бір қолмен оралған Ержан бүгінде Қазақстанның көк байрағын шет елдерде желбіретіп жүр.

Маған ешкім сенген жоқ

Ержан оқушы кезінде ауылда достарымен ойнап жүргенде, абайсызда тоққа түседі. Сол қайғылы оқиғадан кейін бала Ержан аяқ-қолынан айырылып, өмірінің қиын сәттері басталады. Ержанға басқа түскен қиындықты еңсеруге спорт көмектесті: алдымен балдақпен достарымен бірге аулада футбол ойнап, доп қуаласа, есейген шағында институтта жүзумен айналысуға бел буған.

"Әкем кезінде күреспен айналысқан, бойы екі метр, салмағы 120 келі. Спортқа әуестігім қанымда бар, ол жағынан әкеме тартқанмын. Бірақ әкем облыстық деңгеймен шектелді. Қазір мен оның спорттағы жолын жалғастырып жүрмін. Әкеме Токиодан медаль әкелуге тырысамын", — дейді Сәлімгереев.

Аурухана төсегінен тұрғаннан кейінгі ауыр күндер Ержанның әлі есінде. Оның өмірге деген көзқарасын елге танымал адамның бауыры өзгерткен. Қазақстанның Ресейдегі елшісі Иманғали Тасмағамбетовтың інісі Құрманғали Тасмағамбетов болашақ чемпионға материалдық, моралдық және рухани қолдау көрсетіп, демеген.

"Ол мені бұған дейін білген жоқ, ешқандай байланысымыз жоқ. Жай ғана теледидардан көріп қалыпты. Оның маған жасаған жақсылығын еш уақытта ұмытпаймын. Сол кісінің көмегінің арқасында оқуға түстім. Ондағы адамдар маған спортқа баруға кеңес берді. Ол кісі қазір менің жүзумен айналысып жүргенімді білмейтін сияқты", — деп әңгімесін жалғастырды Сәлімгереев.

Бас кезінде Ержан жүзумен шындап айналыса бастағаны туралы тіпті отбасына да тіс жармаған. Ол үй іші оған сенбегенін мойындады. Алайда

Ержан жеңіске жететінін іштей сезген. Спортшының жеке қоржынына алғашқы медаль 2015 жылы түсті: Павлодарда өткен жарыста отандасымыз бір алтын, екі қола еншілеген.

Ержан Сәлімгереевел чемпионаттарының бірнеше мәрте, Берлиндегі Әлем Кубогының төрт алтын медалін жеңіп алды. Джакартадағы Азия Пара ойындарының екі "алтынын" иеленді. Алайда Мехикода өткен әлем чемпионатында бірінші келсе де медальсіз қалған. Ержан мұны жеңіліс деп санамайды.

Менің медальдарымды басқа спортшылар алып қойды

Өткен жылғы әлем чемпионатында Ержан Сәлімгереев баттерфляй әдісімен 50 метр қашықтыққа жүзу кезінде мәре сызығына алғашқы болып жетті. Алайда әлем біріншілігінің алтын медалі отандасымызға бұйырмады – төрешілер қазақстандық спортшы белгі берілмей жатып, жарысты бастап кетті деп шешкен.

"Төрешілер жарыс басталар алдында менің бас изегенімді айтты. Мен мұны жеңіліс деп санамаймын. Басқа елдің спортшылары қасыма келіп, шын мәнінде жеңіс менікі болғанын мойындады. Ағылшын тілін жетік білмесем де, не айтқысы келгенін көздерінен ұқтым", — деп еске алды спортшы.

Осыған ұқсас жағдай Джакартада 6-13 қазан аралығында өткен Азия Пара ойындарында да қайталанған. Жарыстың алғашқы күні төрешілер қазақстандықтың нәтижесін жойған, олардың пікірінше, жүзу кезінде Ержан иығымен қате қимыл жасаған.

"Менің медальдарымды басқалар алды, қапаланғаным рас. Өйткені жеңіске мен лайықты едім. Өз міндетімді 200%-ке орындадым", — дейді спортшы.

Потерял руку и ногу, но не веру в себя: жизнь и судьба чемпиона из Казахстана Потерял руку и ногу, но не веру в себя: жизнь и судьба чемпиона из Казахстана Потерял руку и ногу, но не веру в себя: жизнь и судьба чемпиона из Казахстана Потерял руку и ногу, но не веру в себя: жизнь и судьба чемпиона из Казахстана

Парақтағы соңғы өзгерістер: 07.11.2018 11:44

Мақаланың шыққан күні: 07.11.2018