Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
31.05.2020

Қызметтер

«Атырау» U-16 футбол командасы қошеметке бөленді

Футболисты «Атырау» U-16 были встречены овациями«Атырау» футбол орталығының 16 жасар тәрбиеленушілері «Атырау» - «Ақтөбе» арасындағы «батыстық дерби» кезінде қошеметпен ортаға шықты. Оның өз себебі бар. Жақында ғана футболшыларымыз жастар арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионатында күміс жүлдеге қол жеткізді. Қорытынды ойындар Атырау қаласындағы «Судоремонтник» стадионында өткен болатын. Жүлдегерлерді Атырау облысы Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Ринат Ибрагимов және «Атырау» футбол клубының директоры Қонысбай Шпанов марапаттады.

Финалдық кезеңде жерлестерімізге «Астана», «Алтай» және «Қайрат» командалары қарсылас атанған болатын. Алдымен ел ордалық команданы 6:2 есебімен жеңдік. Екінші кезеңде 2:4 есебімен Алматылықтарға есе жіберіп алдық. Үшінші «Алтай» командасымен болған кездесу тең есеппен аяқталды. Нәтиже – екінші орын және баларға үлкен тәжірбие. Қола жүлде «Алтай» командасына бұйырса, жарыс жеңімпазы болып «Қайрат» командасы танылды. Ел чемпионатының «үздік сұрмергені» болып «Атырау» U 16 командасының шабуылшысы Арсен Серікқалиев танылды. Ол қарсылас қақпасына 21 гол соқты.

Футболисты «Атырау» U-16 были встречены овациями Футболисты «Атырау» U-16 были встречены овациями Футболисты «Атырау» U-16 были встречены овациями Футболисты «Атырау» U-16 были встречены овациями

Парақтағы соңғы өзгерістер: 06.11.2018 10:33

Мақаланың шыққан күні: 06.11.2018