Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
07.06.2020

Қызметтер

Рахимов серпе көтеруде кіші қола медаль еншіледі

Рахимов выиграл малую бронзовую медаль в толчкеАшхабадта ауыр атлетикадан әлем чемпионаты өтуде. Ерлер арасында 73 келі салмақта 2016 жылғы Олимпиада ойындарының чемпионы, 2015 жылғы әлем чемпионы Ниджат Рахимов сынға түскен болатын.

Атыраулық спортшы «Жұлқа» көтеру жаттығуын 147 келімен бастап, екінші мүмкіндігінде ғана бағындыра алды. Үшінші мүмкіндігінде 152 келіні бағындыруға бел буған, бірақ бұл салмақ бағынбады. Қорытындысы 13-ші нәтиже. «Серпе» көтеруде 185 келіден бастады. Кейін екінші мүмкіндігінде 5 келі қосып көтерді. Бірақ үшінші мүмкіндігінен бас тартты. Осылайша Ниджат қос жаттығу қорытындысы бойынша 337 келіні бағындырып, сегізінші орыннан көрінді. Жекелей «серпе» көтеру жаттығуы бойынша үшінші.

-Көрсеткішіме ризамын. Жаттығу жұмысында қанша көтерсем, жарыста да сонша көтеріп отырмын. Өкінішке орай арқа тұстан алған жарақатым жылдамдықты 40 пайызға дейін түсіріп жіберді. Сондықтан да осындай нәтиже көрсетіп отырмын. Жұлқа көтеруде екі мүмкіндігімді пайдалана алмадым.

Бірінші кезекте жарақатымды емдеумен айналысамын. Келесі жылғы Азия және әлем чемпионаттарына дайындалатын боламын, - дейді Рахимов.

 

Рахимов выиграл малую бронзовую медаль в толчке Рахимов выиграл малую бронзовую медаль в толчке Рахимов выиграл малую бронзовую медаль в толчке Рахимов выиграл малую бронзовую медаль в толчке Рахимов выиграл малую бронзовую медаль в толчке

Парақтағы соңғы өзгерістер: 05.11.2018 10:07

Мақаланың шыққан күні: 05.11.2018