Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
07.06.2020

Қызметтер

Ушу Кунг-фу

Не шучу с ушуТараз қаласында Ушудан ересектер арасында Қазақстан Республикасының кубогы өтті. Сайысқа еліміздің әр өңірінен тәжірибелі спортшылар қатысты. Атыраулық спортшылар Ушу-таолу және Ушу-саньда бөлімдері бойынша бақтарын сынады. Осман Мабов атындағы турнирге Қырғызстан және Өзбекстан елдерінен 350-ден астам спортшы қатысты. Ушу-таолудан "Шаолинский кулак", "Длинное оружие" бөлімдерінен Джумабаев Құдайберген 2 орын, Өмірзақ Руслан 3 орын, "Тайдзи", "Короткое оружие" бөлімдері бойынша Турганова Венера ел кубогының чемпионы атанды. Жұмабаева Аңсаған, Қапанова Земфира, Өсербай Гулназ атты спортшыларымыздың жеңістерін есептей келе Атырау облысы командалық екінші орын иеленді. Ушу-саньдадан 56 келі салмақта Амирханов Абат, 65 келі салмақта Темирханов Манас 3 орын, 60 келі салмақта Игіліков Ринат 2 орын иеленді. ҚР кубогынан кейін Ушу-саньдадан балалар және жасөспірімдер арасында Қырғызстан, Өзбекстан және еліміздің 8 өңірінен 350-ге жуық спортшы жиналған еңбек ардагері Осман Мабов атындағы 9-шы Халықаралық турнир өтті. 48 келі салмақта Саинов Бекзат 3 орын, 56 келі салмақ дәрежесінде Өмірзақ Руслан қарсылас шақ келтірмей турнир чемпионы атанды.

Амирханов Абат пен Джумабаев Кудайберген жарыс бойы төрешілік қызметте болып, тәжірибелерін арттырды. Жарысқа дайындаған ҚР еңбегі сіңген жаттықтырушы Қойшекенов Ерікқали


Парақтағы соңғы өзгерістер: 30.10.2018 11:12

Мақаланың шыққан күні: 30.10.2018