Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
07.06.2020

Қызметтер

Сербиядан алын жүлде

С золотом из Сербии26-29 қазан аралығында Сербияның Белград қаласында таеквондодан халықаралық турнирде атыраулық спортшы Жансель Дениз жеңіске жетті. Азия ойындарының күміс жүлдегері Жансель Дениз Белградтағы турнирде 73 келіде бақ сынады. Іріктеу кезеңдерінде Испания және Сербия елінің өкілдерін ұтты. Жартылай финалда Жанселдің қарсыласы Франциялық Маева Меллиер болды. Тартысты кездесуде жерлесіміз 4:2 есебімен басым түсті. Жансель финалда тағы бір Француз Солене Абоулетені 5:3 есебімен жеңді. «Турнир өте жоғары деңгейде өтті. Әрбір спортшы олимпиадалық рейтингтегі ұпайын көбейту үшін келгені хақ. Мен төрт спортшымен кездесіп, барлығында жеңіске жеттім. Осы жолы +73 келіде бақ сынаған едім. Қарсыластарым маған қарағанда ірі. Десе де, мен жылдамдықтың арқасында көп ұпай еншіледім. Алтынмен қоса, рейтингте он ұпай еншілегенімді де айта кету керек. Маған жанкүйер болған баршаңызға алғысым зор», - дейді Жансель Дениз. Еске сала кетейік, аталған рейтингілік турнирден соң Жансель Дениз 108 ұпаймен әлемдік рейтингте 25-ші орында тұр.

 

 

 

С золотом из Сербии С золотом из Сербии С золотом из Сербии

Парақтағы соңғы өзгерістер: 30.10.2018 11:06

Мақаланың шыққан күні: 30.10.2018