Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
07.06.2020

Қызметтер

Арбамен билеуден алтын мен күміс

Арбамен билеуден алтын мен күміс20-21 қазан күндері Алматы қаласында арбадағы биден Қазақстан чемпионаты көпсалалы Halyk Arena спорт кешенінде ұйымдастырылды. Сайыс «Dance Quality» Халықаралық турнирі аясында өтті. Оған еліміздің 15 өңірінен 100 спортшы қатысты.

Қатысушылар арасында түрлі Халықаралық жарыстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері бар. Ашық чемпионаттың ашылуына Зарина Алтынбаева, Жамиля Серкебаева, Алишер Каримов, «Тұмар», «Alem Band» тобы секілді эстрада жұлдыздары қатысты.

Атырау облысы намысын Лидия мен Нұрлан Мұқановтар бастаған Атырау облысы спорттық би федерациясының командасы қорғады.

-Спортшылар керемет нәтижеге қол жеткізді, - дейді Лидия Мұқанова.

-Жарыс қорытындысы бойынша «Комби Фристайл» бағдарламасында Айсұлтан Хайырлы мен Гүлназ Космурзиева алтын жүлдегер атанды. Қазақстан Республикасының күміс жүлдегері болып Латынамерикалық бағдарламада Есболат Балбаев пен Томирис Ерболат танылды. Федерация ашық біріншілігінде Мирас Жанаталап пен Асима Амангельдиева күміс жүлдеге ие болды. Сайыс өте жоғары деңгейде өтті. Оның өтуіне ат салысқан ұйымдастырушыларға алғысымды білдіремін.

Айта кету керек, Гүлназ Космурзиева мен Есболат Балбаев арбадағы би спортымен осы жылдың қыркүйек айында ғана айналыса бастады. Олардың бұл алғашқы жеңісі үлкен спорттық мансаптарының бастамасы деп сенеміз.

Арбамен билеуден алтын мен күміс Арбамен билеуден алтын мен күміс Арбамен билеуден алтын мен күміс

Парақтағы соңғы өзгерістер: 25.10.2018 08:25

Мақаланың шыққан күні: 25.10.2018