Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
07.06.2020

Қызметтер

Атырауда алғаш рет «Жайық жағасында Каспий кубогі» халықаралық турнирі өтеді

В Атырау впервые пройдет международный турнир «Жайық жағасында каспий кубогі»Турнирдің жалпы жүлде қоры 43 млн. теңгені құрайды, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

19 қазанда Атырау облысы әкімдігінің қолдауымен Атырау облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы мен Ұлттық спорт түрлері федерациясының ұйымдастыруымен Астана қаласының 20 жылдығына орай Махамбет ауданының  Алмалы ауылында «Жайық жағасында – Каспий кубогі» халықаралық турнирі өтеді. Турнир аясында көкпар, аударыспақ, қыз қуу, теңге ілу, жамбы ату, аламан, топ және  ұшқыр бәйге,  жорға жарысы, тазы жарыстары  ұйымдастырылады.  Шара барысында арнайы жасақталаған этноауыл құрылып, әрбір киіз үй алдында қазан-ошақтармен ұлттық тағамдар дайындалатын болады.

Турнирдің басты мақсаты – Батыс өңіріндегі Ұлттық спорттың деңгейін көтеру. Көкпар ойынында ең көп салым салған шабандозға сайыстың бас жүлдесі «Алтын қамшы» сыйлығы беріледі.

-Биылғы турнир алғаш рет халықаралық деңгейде өтеді. Барлық сайыстар бойынша 400- ге жуық спортшы   қатысады деп жоспарлануда. Ресей, Өзбекстан, Монғолия, Түрікменстаннан  және т.с.с шет елдерден командалар қатысады. Бұл жоба ұлттық спорттың деңгейін көтеруде үлкен  үлесін қосатын турнир болады деп сенеміз.- дейді Атырау облысының ұлттық спорт түрлері федерациясының  басшысы  Асланбек Жанбалаев.

Айта кетейік, тұрғындар үшін арнайы автобустар 19 қазан сағат 9:30 – да Авангард, Балықшы,Темір жол вокзалы және Тұрғындар қалашығы маңында орналасқан соңғы аялдамалардан турнир алаңына дейін жолаушыларды ақылы түрде тасымалдайтын болады.


Парақтағы соңғы өзгерістер: 15.10.2018 08:06

Мақаланың шыққан күні: 15.10.2018