Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
31.05.2020

Қызметтер

Жас ана «Yellow Race» марафонында бөбектерімен мәреге жетті

Жас ана «Yellow Race» марафонында бөбектерімен мәреге жетті13-ші қазан күні мыңдаған атыраулықтар жеңіл атлетикалық маусымның жабылуына орай ұйымдастырылған «Yellow Race» күзгі марафонына қатысты. Тек ересектер ғана емес, жаппай жүгіруде тұңғыш рет балалар да өз бақтарын сынап өтті.

4,5 километрге созылған марафон «Сұлтан Бейбарыс» алаңынан «Жеңіс» саябағына дейін жалғасты. Ал жас желаяқтар 500 (8-11 жас) және 700 (12-15 жас) метрге жүгірді.

Ересектер арасында мәре сызығын бірінші болып Қыран Әсет кесті. Ол Х.Досмұхамедов атындағы университеттің студенті. Екі жыл бұрын оқу үшін ҚХР-дан арнайы келген болатын.

-Мен бұндай марафондарды қалт жібермеймін. Осы жылы жазғы жүгіруде жеңіске жеттім. Қытайдағы мен өскен жерде жеңіл атлетика өте жақсы дамыған. Айына 2-3 рет тек жылы мезгілде ғана емес, қыста да сайыстар өткізіліп тұрады. Ең аз дегенде 15 километрден жүгіреміз. Ал дене шынықтыру сабақтары аптасына 4 рет 2 сағаттан болады, - дейді Қыран.

Айта кету керек, мәре сызығын алғаш болып кескен бес қатысушы да Қытай Халық Республикасынан болып табылады.

Күзгі жүгірудегі ерекше қатысушылардың бірі егіз балалардың анасы Марияш Айбасова болды. Ол бүлдіршіндерімен бірге мәре сызығын кесіп өтті.

-Балаларымды кішкентайынан салауатты өмір салтына тәрбиелегім келеді. Бір жағынан күн суықта балаларын таза ауаға шығаруға қорқатын аналарға үлгі көрсеттім. Өйткені соңғы кездері таза ауада серуендеушілер саны азайып кетті, - дейді Марияш.

-Лала мен Жан 10 айлық, екеуі менімен бірге алғаш рет жүгіруде. Ал өзім жүгірумен бірнеше жыл айналысудамын. Көптеген қайырымдылық марафондарына қатыстым. Үлкен қыздарым волейбол мен гимнастикаға қатысады.

Биылғы жылы Атырауда үш марафон өтті. Оған жалпы саны 5 мыңнан астам тұрғындар қатысты. - Келесі жылдан бастап екі ай сайын марафондар ұйымдастыруды көздеп отырмыз. Оның ішінде балаларға да арналған сайыстар болады. Егер халық

арасында қызығыушылық туып жатса жиі өткізуіміз мүмкін, - деді «Atyrau Marathon» ұйымдастыру комитетінің вице-президенті Юрий Пономарев.

Мәре сызығын алғаш болып кескен алғашқы 200 қатысушыға естелік медальдар табыс етілді. Ляззат САЛИМОВА (pricom)

Мама с коляской финишировала в кроссе «Yellow Race» Мама с коляской финишировала в кроссе «Yellow Race» Мама с коляской финишировала в кроссе «Yellow Race» Мама с коляской финишировала в кроссе «Yellow Race» Мама с коляской финишировала в кроссе «Yellow Race» Мама с коляской финишировала в кроссе «Yellow Race» Мама с коляской финишировала в кроссе «Yellow Race» Мама с коляской финишировала в кроссе «Yellow Race» Мама с коляской финишировала в кроссе «Yellow Race»

Парақтағы соңғы өзгерістер: 15.10.2018 07:55

Мақаланың шыққан күні: 15.10.2018