Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
07.06.2020

Қызметтер

Атырау облысының кейбір білім беру, мәдениет ұйымдарына атау беру және қайта атау туралы

«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 4-1) тармақшасына және «Қазақстан Республикасының аумағындағы әуежайларға, порттарға, темiржол вокзалдарына, темiржол стансаларына, метрополитен стансаларына, автовокзалдарға, автостансаларға, физикалық-географиялық және мемлекет меншiгiндегi басқа да объектiлерге атау беру, сондай-ақ оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және мемлекеттiк заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есiмiн беру қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 5 наурыздағы № 281 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., №11, 81-құжат) сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Мынадай білім беру, мәдениет ұйымдары:

1) Исатай ауданы Тұщықұдық ауылындағы «Жалпы білім беретін Чапаев бастауыш мектебі» мемлекеттік мекемесі – «Исатай аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Жамбыл атындағы жалпы білім беретін бастауыш мектебі» мемлекеттік мекемесі;

2) Махамбет ауданы «Махамбет аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Чкалов атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі - «Махамбет аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

3) Индер ауданы «Индер аудандық білім бөлімінің Гребенщик орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі - «Индер аудандық білім бөлімінің «Әбіш Кекілбайұлы атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

4) Исатай ауданы Тұщықұдық ауылындағы «Тұщықұдық селолық Мәдениет үйі» мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны - Исатай ауданы Тұщықұдық ауылындағы «Нариман Үлкенбайұлы атындағы Мәдениет үйі» мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны деп қайта аталсын.

2. «Атырау аграрлы – техникалық колледжіне» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына Оңайбай Көшековтың есімі берілсін.

3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі Б. Сағынтаев


Парақтағы соңғы өзгерістер: 12.10.2018 08:55

Мақаланың шыққан күні: 12.10.2018