Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
07.06.2020

Қызметтер

Нақты есеп

Нақты есеп"Атырау" спорт кешенінде Азия чемпионатының күміс жүлдегері, түрлі Халықаралық жарыстардың жеңімпазы, Қазақстан чемпионы Мырзабек Атабаевты еске алуға грек-рим күресінен Республикалық турнир өтті. Сайысқа еліміздің барлық өңірінен және Ресей федерациясынан 13 команда қатысты. 100-ден астам балуан екі күн бойы өзара үздіктерді анықтады. Жарыстың ашылуында сөз алған Атырау облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының міндетін атқарушы Тулеуова Нұржауған барша қатысушы спортшыларға сәттілік тіледі. Бүгінгі күндері облысымызда грек-рим күресінің қарқынды дамып келе жатқанын, осындай турнирлер арқасына балуандарымыздың тәжірбиесі арта түсетіндігін атай өтті. Алғашқы жарыс күні 55 келіде СҚО-лық Садуақасов Бауыржан, 63 келіде Атыраулық Қосаманов Асылбек, 72 келіде СҚО-лық Исеналиев Саламат, 82 келіде Дағыстандық Алирзаев Милад, 97 келіде Қарағандылық Жілісбаев Бақтияр жеңіске жетті.

Сайыстың ұйымдастырылуы мен төрешілердің шеберлігі жоғары бағаға ие болды. Турнирдің қорытындысы бойынша қос атыраулық спортшы жеңіске жетті. Асылбек Қосаманов пен Нұркен Дүйсенғалиев қарсылас шақ келтірмеді. Одан бөлек Әділжан Елемесов пен Игорь Филюшин қола және Қайырбек Дүйсенбай күміс жүлде еншіледі.

Нақты есеп Нақты есеп Нақты есеп Нақты есеп Нақты есеп

Парақтағы соңғы өзгерістер: 12.10.2018 02:52

Мақаланың шыққан күні: 12.10.2018